Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Болат Сарыбаев

Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.

Болат Шамғалиұлы Алматы консерваториясының түлегі, оны бітірген соң осы оқу орнында қалды. 50-жылдардың аяғынан оның қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеу саласындағы тер төгіп еңбектенген іздену жұмыстары басталады. Бұған дейін қазақтарда тек екі аспап - домбыра мен қобыз болған деген пікір қалыптасқан болатын Сондықтан зерттеу жұмыстарын қайта жаңғыртуға тура келді. Осының нәтижесінде Болат Шамғалиұлы жиырмадан аса қазақтың музыкалық аспаптарын тапты. Олар: шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай, үскірік, шертер, жетіген, т.б.

Зерттеу жұмыстарын, көне аспаптарды қалай іздеп тапқкандарын қызықтыра әңгімелеп халықтың жүрегіне жол таба білді. Бұл біздін өткеніміз, тарихымыз, тағдырымыз екенін сезіндіре білді. Мезгілдік басылымдардағы жүздеген мақалалары, шығарған кітаптары, радио мен теледидардағы хабарлары, пластинкаға жазылу, фильм түсіру, ғылыми конференциялар мен концерттерге шығу, студенттерге дәріс беру, аспап жасаушы шеберлермен жұмысы - осының бәрін бір адам істеді деу таңқаларлық жай.