Отбасы жағдайын әлеуметтік - психологиялық анықтау
Жоспар
Кіріспе 3
1 Отбасы жағдайын әлеуметтік - психологиялық анықтау 5
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың отандық тарихы 5
1.2 Отбасы жағдайын әлеуметтік-психологиялық анықтау 8
1.3 Отбасының заман талабына сай мәселелері 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің:білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар.
1 Отбасы жағдайын әлеуметтік - психологиялық анықтау
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың отандық тарихы
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы. Себебі отбасы адамға бақыт,толық мәнді тыныс –тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет – ғұрыптар,әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі.
1.2 Отбасы жағдайын әлеуметтік-психологиялық анықтау
Басты ұран « Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғаның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындау, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қаупі көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады.
Жеке бастың жабырқауы мына жағдайларда көрінеді: жатырқау, даулы жағдайда қалған адам одан өз бетінше шыға алмайды. Үнемі күйзелісте болу оның психикасы мен өмір сүруіне қауіп төндіреді. Дегенмен, даулы жағдайдан шығу адам мен қоршаған ортаның арасында психологиялық алшақтық тудырып, ол кейін жатырқауға айналады. Жатырқау қоршаған ортамен (отбасы, туысқандар) байланыстың жоқтығын, жаратымды сезімдердің тапшылығын білдіреді.Қазіргі заман жағдайында жастар психикасының күйзеліс күйіне жиі шағым жасайды. Егер осындай жағдай созылатын болса психиатрдың көмегі қажет.
1.3 Отбасының заман талабына сай мәселелері
Сыртқы факторлардан өзге кез-келген отбасы,табиғи өмір жолынан өткен кезде туындаған мәселелермен ұшырасады.Отбасы мүшелері өз тобын сақтап қалуға қабілетсіз болған жағдайда,ол әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.Қазақстандағы ажырасу деңгейі жыл сайын жоғары болып отыр.Егер 2003жылы 2,4 некеге 1 ажырасудан келсе,2004жылы 1 ажырасуға 3,76 некеден келді. Әрине,әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді.
Қорытынды
Қазіргі кезде отбасылардың әлеуметтік қорғалу күйін қанағаттандыратын отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың жаңа жүйесі қиындықпен құрылуда.
Мәселен, отбасының жұмыссыз отбастары сияқты адамдар категориясы ескерілмейді. Отбасының осындай категорияларына тиімді әрі тез көмек көрсететін не қызметкерлер, не ұйымдастыру құрылымдары жоқ.
Әлеуметтік жұмыстардың ұйымдары мен мекеме жүйелері маңызды аспект болып табылады. Оған Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі мен облыс және аудан жанындағы тиісті басқарма мен бөлімдер басшылық жасайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Арғынбаев Х.А Қазақ халқындағы семья және неке. – Алматы ,1973 жыл.
2 Мацковский М.С Социология семьи: проблемы теорий, методология, методика- Москва ,1989 год.
3 Витек К. Проблемы семейного блогополучия -Москва, 1988 год.
4 Варга А. Я Системная семейная психотерапия. Курс лекций -СПБ,2001 год.
5 Митоян А.А Потребительское поведение семей – дифференциация, динамика, классификация.Москва 1990 год.