Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру


Жоспар
Кіріспе 3
I-Тарау. Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру 6
1.1 Жарнама және оның түрлері 6
1.2 Фирманың жарнамалық қызметін жоспарлау 12
II-Тарау. «Рамбутя» ЖШС-ң жарнамалық қызметін ұйымдастыруы. 16
2.1 «Рамбутя» ЖШС-ң ұйымдық құрылымы 16
2.2 «Рамбутя» ЖШС-ң жарнама қызметін пайдалануы 18
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 22

Кіріспе
Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттіліктерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.

Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жарнама, оның түрлері және атқаратын қызметтері сияқты мәселелерде қарастырып, осыған орай фирманың жарнамалық қызметін жоспарлаудың негізгі бағыттарын айқындап көрсеткім келеді.
Екінші бөлімінде менің зерттеу объектім болып табылатын « Рамбутя» ЖШС – ң жалпы қызметін қарастырып, оның жарнамалық қызметін ұйымдастыруының негізгі әдістерін көрсетіп отырмын.

I-Тарау. Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру
1.1 Жарнама және оның түрлері
Коммуникациялық қызметте жарнама аса кең көлемде қолданылады. Маркетингте жарнама: тауар өндірушінің (сатушының), тұтынушының немесе сауда делдалының тауарды не үшін сатып алуы қажет екендігі жөнінде ақпарат жеткізуші механизм ретінде қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, жарнама – потенциалдық тауар алушыларға немесе делдалдарға фирманың ұсыныстары жөнінде дұрыс жөн сілтеу құралы болып есептеледі.
Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. «Жарнама» латын тілінен аударғанда «айқайлау» (reclamare) ұғымын сипаттайды. Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер.
Жарнаманың төмендегідей ерекшеліктері бар:

1.2 Фирманың жарнамалық қызметін жоспарлау
Фирманың жарнамалық қызметін жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Мақсатты аудиторияны таңдау:
2) Жарнама мақсатын анықтау:
3) Хабарлаудың стратегиясын әзірлеу:
4) Жарнама бюджетін анықтау:
5) Жарнама құралдарын таңдау:
6) Жарнама тиімділігін бағалау:
Енді осыларға толығырақ тоқтала кетсек:

II-Тарау. «Рамбутя» ЖШС-ң жарнамалық қызметін ұйымдастыруы
2.1 «Рамбутя» ЖШС-ң ұйымдық құрылымы
RAMBUTYA компаниясын Қазақстандық Butya компаниясы мен түріктің MICROS және RAM компаниялары Алматы және Астана қалаларында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін супермаркеттер желісін ашу мақсатымен құрған болатын.
Олардың ең алғаш ашқан дүкені, мәдени-сауда орталығы бар гипермаркет – “Рамстор” болды. 1999 жылдың 14 мамырында ашылған мұндай сауда орталығы Қазақстанда бұл уақытқа дейін болған емес. “Рамстор” әлемнің ірі сауда орталықтарының үлгісінде салынған. Бұдан кейін Астана қаласында гипермаркет, Алматы қаласының “Тастақ” ауданында дүкен және осыларға ұқсас тағы да басқа бірнеше сауда орталықтары бірінен соң бірі ашылып, жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін сауда орталықтарының жілісі пайда болды. “Рамсторда” орналасқан.

2.2 «Рамбутя» ЖШС-ң жарнама қызметін пайдалануы
Жарнаманың идентификациялау функциясы тек қана супермаркет туралы ақпарат тарату ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің өз ісіне деген қызығушылығын арттыру, фирманың ішкі климатын қалыптастыру және фирма туралы ақпарат тарату.

Қорытынды
Сонымен, қорыта келетін болмақ, жарнама – нақтылы өндірушінің, саудагердің, табыстырушының тауарына, қызметіне назар аударту және олардың шотынан, олардың маркасы мен осы тауар мен қызметті сатып алдырту мақсатында ұсыныс, шақыру, кеңес және кепілдеме тарату.
Жарнаманың ең негізгі қызметі фирманың тауарын нарықта жылжыту болып табылады.
Ол көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылысы. Оны жасау үшін креаторлар, суретшілер, дизайнерлер, редакторлар, мәтін жазушылар тағы басқа жұмыс істейді. Яғни, ол экономика, мәдени және өнердің бір бөлігі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Хожаназаров Қ. «Маркетинг негіздері» Экономика. 1996 жыл.
2. Сатыбалдин С.С. «Маркетинг – нарықтану негіздері» Алматы. 1994 жыл.
3. Сатыбалдыұлы С. «Маркетинг – нарықтану» Білім. 1999 жыл.
4. Нысанбаев С. Н. Садыханова Г. А. «Маркетинг негіздері» Алматы. 2002 жыл.
5. Есімжанов С. Р. « Маркетинг» Экономика. 2003 жыл.
6. Филип Котлер. «Маркетинг негіздері» Алматы. 2003 жыл.
7. Жолдаспаев С. «Ақпараттық жарнамалық қызмет» “Ақиқат”. 2004 жыл №2. 93-95 бет.