Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы нарығы және қор биржасы


ЖОСПАРЫ
Кіріспе 3
1 Қаржы нарығы туралы ұғым 4
2 Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері. Бағалы қағаздардың түрлері 8
3 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары 18
4 Қор биржасы 31
Қорытынды 34
Қолданған әдебиеттер 36

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты.

1 Қаржы нарығы туралы ұғым

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты (1 сызбаны қараңыз).

1 сызба. Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай - ақ несие нарығы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынас-тардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

2 сызба. Қаржы нарығының құрылымы.
Ақша нарығы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма -қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

2 Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері. Бағалы қағаздардың түрлері

Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі кептеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

3 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

Бағалы қағаздардың эмиссиясы — бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару - эмиссия - бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне — инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

4 Қор биржасы

Бағалы қағаздармен сауда-саттықты қор биржасы, зандарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда - саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда - саттықты ұйымдық және техникалық жағьшан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - езі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі етеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық - техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:

Қорытынды

Қорыта келгенде, қаржы нарығы – құнды қағаздар айналымына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әлі ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өзалдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несиеге капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:

Қолданған әдебиеттер
1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж
2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
4. Банктегі бухгалтерлік есеп жэне есеп беру. Н.А. Ғүмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
5. Банк хабаршысы. 2000