Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Мазмұны
Кіріспе 3
І Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда 4
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы 4
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты 10
ІІ Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы 16
2.1 Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы 16
2.2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болашағы 18
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
І Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстың пікірінше «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алмайды».
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардын нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
Халықаралық сауда - мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті.
ІІ Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
2.1 Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
Дүние жүзілік сауда ұйымы - әлемдік нарықтағы ойын ережелерін реттеуші институт болып табылады. ДСҰ-ның негізгі мақсаты: бұл халықаралық сауданың әмбебап ережелерін қалыптастыру, тауар мен қызметтердің қозғалысына деген шектеулерді қысқарту, бәсекелестік шарттарын түзету. ДСҰ құру туралы шешім қабылдау кезінде, шартталған жақтар келесі ортақ шешімдермен жетекшеленген: Біріншіден, ерекше маңызды, халықаралық сауданың әлеуметтік деңгейінің өсуі көзқарасынан дамуы; Екіншіден,әділеттілік және еркін сауда қағидаларын ұстану; Үшіншіден, бұған дейін қызмет еткен халықаралық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) саудадағы ерекше рөлінің маңызы.
Өзінің әсеріне қарамастан, ТСБК бастапқы құрылу сатысының өзінде-ақ оның статусының жетілмегендігі көзқарасы болды және ДСҰ құру сәтсіздікке ұшырады. Әсіресе бұл Бас келісім мүшелері елдерінің міндеттерінің орындалмауы проблемаларымен байланысты болады.