Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу
Жоспар
1 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу 3
1.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі 14
1.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау 18
Әдебиеттер 19
1 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу - бұл хаттың, осыдан шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін қарастыратын криминалистикалық техника саласы.
Құжаттар - қылмыстық әрекеттер, қылмыс жасау құралдары немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде заттық дәлел болып табылады.
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің 2 түрі бар:
1.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі
Құжаттың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе клишеден басу арқылы дайындалады. Клишені баспаханалық шрифтті теру жолымен, фотоцинкографиялық тәсілмен, қолмен ойып жасау және басқа да тәсілдермен дайындайды. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өзіндік белгілері бар.
Сурет салу арқылы жасалған жалған бланктер штрихтарының, аттас әріптер мөлшерінің біркелкі есептігімен, суретінің стандартқа сай еместігімен мәтінде грамматикалық қателер мен қисындық (логикалық) қарама-қайшылық болуымен, қарындашпен жазылған және қара қағаз арқылы көшіру іздерімен ерекшеленеді. Қолмен ойып жасалған клишеге стандартсыз шрифт, белгілердің ұзынша элементтеріндегі түзуліктің бұзылуы, сөз жолының иілімділігі және т.б. тән.
1.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау
Аталған жалғандылықтың келесі тәсілдері жиі кездеседі: бұрын көрген қолды есте сақтап, құжат бойынша жалған қол қою; қойылған шын қолға қарап отырып, оның суретін салу; қолды сиямен не қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру. Көшірме әдісі арқылы жалған қол қоюдың бірнеше тәсілі кездеседі: жарық өткізу арқылы, көшіргі немесе қара қағаз көмегімен; көшіру қасиеті бар бұйымдар көмегімен (дайын сөз аралықтарын қосу), фотопроекциялық тәсіл. Бұдан басқа, адамның қойған қолын ылғалды қара қағазбен де көшіруге болады.