Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары


Жоспар

Кіріспе 3

I-тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие қатынастарындағы рөлі 5
1.1 Коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі 5
1.2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы 8

II-тарау. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары 12
2.1 Банк қызметтерінің сипаттамасы 12
2.2 Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар 15

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиеленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізінде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экономикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.

I-тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие қатынастарындағы рөлі

1.1 Коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің дамуымен және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

1.2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Акционерлік банктерді басқару құрылымы келесідей:

II-тарау. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

2.1 Банк қызметтерінің сипаттамасы

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
- акция қаражатын шоғырландыру және тарту;
- несие беру;
- шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
- төлем құралдарын шығару;
- бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
- сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару, яғни траст операциясын жүргізу;
- клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос акция қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың несие процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

2.2 Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар

Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив, актив, комиссиялық - делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк баланысының пассивінде көрме тіледі. Пассив операциялары – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
- салым қабылдау (депозиттер);
- клиенттерге шоттар ашу және оларды жүргізу;
- өзінің бағалы қағаздарын шығару;
- банкаралық несие алу, оның ішінде, орталықтанған несие ресурстарынан;
- репо операциялары;
- еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, таратылған қаражат және эмиссияланған қаражаттардан құралады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, бөлінбеген пайда жатады. Жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Сомасы заңмен шектелмейді, оның төменгі мөлшерін Орталық банк бекітеді.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен есептелінеді.

Банктің 2003ж. 31 желтоқсандағы жалпы активі бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі банк. Жыл қорытындысы бойынша, яғни 2003ж 31 желтоқсанда, банктің таза пайдасы 8761 млн. теңгені құрайды (58,6 млн. АҚШ доллары),актив мөлшері 434241 млн. теңге (3,011 млн. АҚШ доллар), акционерлік капитал – 45579 млн. теңге (316,0 млн. АҚШ доллары) құрайды. Ал қарыз портфелі 302132 млн. теңге (2,1 млн. АҚШ доллары) құрайды.
Бұл жерде Қазақстан Республикасындағы банк секторы туралы жалпылама мәлімет айта кету маңызды болып отыр:
2004ж. 1 қазандағы мәліметтер бойынша еліміздегі банк секторының жиынтық капиталы 311,2 млрд. теңге, яғни есепті айда 19,6 млрд. теңге немесе 6,7%-ға өсті.
Жиынтық активтері 70,5 млрд. теңгеге (3,2%) өсті, ол 2252,4 млрд. теңгені құрайды.
Банк мекемелерінің қарыз портфелі 51,4 млрд. теңгеге өсті (3,4%), яғни 1578,8 млрд. теңгеге тең. Бұл қаржылық сектордың тұрақтануының, жалақы деңгейі өсуінің нәтижесі. Несиелік портфель 492,2 млрд. теңгеге өсті. Оның ішінде стандартты несие – 56,3%, күмәнді – 41,1%, үмітсіз – 2,6%. Алайда бұл көрсеткіштердің жоғары болуы банк тәуекелін жоғарлатады.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған қаражат 1334,7 млрд. теңгені құрады. Ол 2,6%-ға өскен. Соның ішінде, заңды тұлға 927,6 млрд. теңге (3,3% - өскен), жеке тұлға – 407,1 млрд. теңге (1% - өскен).
Екінші деңгейдегі банктер 2004ж. 1 қазан бойынша пайдасы – 222,3 млрд. теңге. Ол өткен жылмен салыстырғанда 38,3%-ға өсті. Шығындары 187,4 млрд. теңге, бөлінбеген пайда 35 млрд. теңге.

Қорытынды

Әрбір елдің банк жүйесінің дамуы, оның белсенділігі жоғарылату маңызды іс болып табылады. Осы жүйеде коммерциялық банктердің алатын орны үлкен.
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, мен бірқатар түсініктер мен сипаттамаларға тоқталғым келіп отыр.
Жұмысымның бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің түсінігін, түрлерін және ұйымдастырылу құрылымын жаздым. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялармен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Олар өзінің жарғылық қоры құрылуы бойынша, аумақтық белгісі бойынша, операцияларының түрлері, салалық белгісі, филиалдар саны және капитал мөлшері бойынша жіктеледі.

Қолданылған әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995
2. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер», Алматы: Экономика, 2001., 276 бет
3. Б.А. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы: Экономика, 2000., 121 бет
4. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктердің операциялары», Алматы: ИздатМаркет, 2002., 74 бет
5. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы: ИздатМаркет, 2004., 221 бет