Қазіргі заман Батыс философиясындағы сциентистік және сциентистікке қарсы бағыттар
Жоспар
1. Неопозитивизм және постпозитивизм философиясы.
2. Қазіргі батыс философиясындағы технократиялық концепциялар.
3. Франкфурт мектебінің философиялық идеялары.
4. Постмодернистік философия.
Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады.
Аты әртүрлі болғанымен, олардың мәні бір – бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады.
Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды.
Дартмунд университетінің профессоры Ф.Рапп техника философиясының мынадай бағыттарын атап көрсеті: бірінші – техниканың тарихы, оның мәдениетке қатынасын зерттеу, екінші – қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатын социологиялық тұрғыдан зерттеу, үшінші – еңбекті талдауға, саяси әлеуметтік белсенділікті түсіндіруге экзистенциалдық мәселелер тұрғысынан келу; төртінші – эпистемология тұрғысынан органикалық және техникалық әлемнің дихотомиясын зерттеу; бесінші – болашақ постиндустриялық қоғамда басқару мәселелері және техника мен жалпы адамзаттың құндылықтардың қатынасын анықтау.
Жоғары дамыған индустриалды қоғамды сынай отырып, бұл мектептің өкілдері мемлекеттік монополистік капитализмнің тұлға еркіндігін, мәдениет құндылықтарын тұншықтырып, адамдарды рухани жұтаңдыққа, бейшаралыққа ұшыратататынын атап көрсетеді. Бұдан шығудың жолы – маргиналдарға, яғни қоғамдағы аралық топтарға сүйене отырып, қарсылық білдіру, күресу деген пікірге келеді. Маргиналдар дегеніміз – студенттік қауым, интеллигенцияның жұмысшы табына жақын бөлігі. Мұндай идеялар солшыл радикалдар қозғалысын теориялық негіздейді. Хоркхаймер және Адорно олардың мүмкіндігіне сенімсіздік білдірді.