Отанға opaлғaн оралмандар
Кеңес Одағы кезінде өз елінен қуғын - сүргін көріп, ауа көшкен немесе жазалаушы қуғыншылардың тосқауылынан бас сауғалап, қашқан, елге оралу үмітінен айырылған, жат жерлік атанған, жер шарында тарыдай шашылып жүрген исі қазақтың басын қосу - үлкен ұлттың рухани өрлеуі мен елдік оқиғасы, қазақ мемлекетінің жарқын бетбұрысы, жойқын ұмтылысы болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біз еліміздің көші - қон процесінің шығынының орнын толтырудың жайын да байсалды ойластыруымыз керек. Бүл түйінді мәселе. Үкіметтік бағдарламаны жүзеге асырудың бір жолы ретінде бала санын көбейту, байлықты жақсарту, оралмандардың санын арттыру қажет» деп атап өтті. Сонымен бірге « қазақ ата жұртынан басқа өлкені жерсінбейді, күндердің күнінде қайта оралады деген даналы сөз тағы бар.Осы жерде қазақтың ақиық ақыны, намысшыл, аршыл ақын Мағжан Жұмабаевтің әлемді аралап, азып - тозып кеткен өз халқының мүшкіл тағдырын «Орал» деген шығармасында жан даусымен былай деп жырлағаны еске түседі:
Оралман - жаппай саяси құғын - сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерде туылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты түру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай - ақ оның ұрпақтары.
Мектеп оқушысы бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатын - еліміз тәуелсіздік алғаннан бері алыс - жақын шетелдерде тұратын қазақ қандастарымыздың ата жұртына алыстан көш түзеп қоныстануын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайларын зерттеп қарастыру деп түсіндірсе, зерттеу жұмысын жүргізуге түрткі болған жағдай - оралманның ата жұртқа табаны тиген сәттегі қуанышты сезімдері мен ата жұртқа оралар сәттегі тап болған қиындықтар және елге келгеннен кейінгі Қазақстандағы ахуалға бір қалыпты бейімделу ерекшелігі еді. Бүл жұмыс мынадай кезеңдерден тұрды: