Оқушылардың тарих сабағында өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Өзіндік жұмыс істеу тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған қазіргі кезеңде өздік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, өздік жұмыс оқушының баспасөз материалдарын өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары - білімді терең меңгеруге, біліктерін қалыптастыруға, шығармашылық іс - әрекетін дамытуға ерекше септігін тигізеді.
Қазақстан тарихын оқып үйрену барысында оқушылардың өздік жұмысын мынадай түпнұсқалармен:
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты:материалды бекіту, тереңдету,дамытумен қатар мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену болып табылады. Оқушыға мұндай жұмыс тапсырмаларын беру үшін алдымен олардың қабілетін, оқуға ынтасын анықтап алып, оларға деңгей бойынша тапсырмалар беру қажет. Себебі оқушылардың танымдық іс - әрекеті олардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты.
Үшінші топ оқушылары «Құжатпен жұмыс»деп аталатын мәтінмен танысып,оны талдайды және оған берілген тапсырмаларды орындайды. Сабақты бекіту мақсатында мұғалім оқушылар назарын тақтаға аударады. Тақтада не қағазға мынадай тапсырма орындау тапсырылады.
Түрік қағанатына мына жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
Өзіндік жұмыс колледждегі I курс оқушылары үшін қиыншылық туғызады, себебі не оларда өзіндік жұмыс жүргізудің білім - білік дағдылары қалыптаспаған, не өздерінің жұмысын - уақытын дұрыс ұйымдастыра алмайды.
Сондықтан оқытушының міндеті:
Топтастыруды оқушылар бұрынғы білімдерінің негізінде және оқытушының бағыт беруі арқылы жасайды. Ал егер мұндай жұмыстар үйге берілетін болса, онда оқушылар қосымша әдебиеттерді оқып зерттейді. Венн диаграммасын сызу арқылы тың игерудің пайдалы, зиянды жақтарын жазады.
Ой толғаныс кезеңі
Сонымен өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырған оқушы өз бетімен еңбектеніп, терең білім алуға қабілетті, саналы жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі адам болып қалыптасады. Біздің алдымыздағы негізгі міндетіміз де осы, яғни Қазақстан Республикасының саналы, өз қабілеттерімен дербес жұмыс істей алатын білімді, тәрбиелі азаматын тәрбиелеу.