Протолиттік теория тұрғысынан қышқыл мен негізге анықтама
Жоспар
1 Протолиттік теория тұрғысынан қышқыл мен негізге анықтама 3
1.1 Химиялық қасиеттері 5
1.3 Негіздердің химиялық қасиеттері 6
2 Қышқыл және негіз туралы теориялар 7
2.1 Аррениус теориясы 7
2.2 Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы 8
2.3 Амфолиттерді де осылай көрсетуге болады 9
2.4 Льюистің теориясы 11
Қорытынды 14
Әдебиеттер 15
1 Протолиттік теория тұрғысынан қышқыл мен негізге анықтама
Қышқыл дегеніміз - сутегі ионынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыс.
Қышқыл дегеніміз - элекролиттік диссоциация процесі кезінде тек сутегі ионына ғана диссоциацияланатын электролит. Мысалы:
1.3 Негіздердің химиялық қасиеттері
Негіздер – күшті электролиттер сондықтан олардың химиялық қасиеттер алуан түрлі.
1. Суда ерімейтін негіздерді қыздырғанда олар суға және оксидке ыдырайды. Мысалы:
2 Қышқыл және негіз туралы теориялар
2.1 Аррениус теориясы
Швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы гипотеза ретінде электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған. Бұл ең алғашқы қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінде, олардың молекулаларының оң және теріс зарядты иондарға ыдырайтындығын көрсететін теория болды.
2.2 Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы
Жоғарыда көрсетілген Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы түсіндіре алмаған мәселелерді Дания ғалымы Дж. Бренстед пен ағылшын химигі Т. Лоури ұсынған қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы түсіндіре алады. Бүл теория Бренстед-Лоури теориясы деп те аталады. Бұл теория қышқылдар мен негіздерді, заттардың протонға қандай байланысы бар екендігімен анықтайды.
Қышқылдар мен негіздерді бүл теория бойынша протолиттер деп, ал олардың бірімен-бірі әрекеттесуін протолиттік тепе-теңдік дейді. Протолиттік, яғни Бренстед — Лоури теориясы бойынша, қышқылдар дегеніміз сутек ионын (Н+) беретін молекула не ион (донор).
Сонымен, электролиттік теория түрғысынан қышқылдар қатарына жататын заттар, Бренстед-Лоури теориясы бойынша да қышқылдар қатарына жатады, тек соңғы теория бойынша кеңірек мағынада қолданылады, яғни тек қана молекулалар емес, иондар да қышқыл бола алады.
2.4 Льюистің теориясы
Бренстед-Лоури теориясымен салыстырғанда мағынасы кеңірек. Г. Льюис ұсынған электрондық теория бойынша, қышқыл деп электрон жұбын қосып, коваленттік байланыс түзе алатын зат. Ал негіз электрон жұбын беретін зат.
Қорытынды
1. Льюис пен Усанович теорияларының, Аррениуспен Бренстед теорияларынан айырмашылығы бұл теориялар сутектік қышқылдық қасиетінің бірден бір иесі деп саналмайды. Яғни, қышқыл құрамында сутегі болмауы да мүмкін.
2. Протолиттік теория қазіргі кезде кең таралған теорияның қатарына жатады. Себебі ол протон доноры (қышқыл) мен акцепторы (негіз) қатысатын барлық қышқылдық, негіздік әрекеттесулерді бір жүйеге келтіріп қарайды.
3. Протолиттік теорияның бас артықшылығы аса маңызды шамаларды есептеп шығаруға болатын сандық теориялардың болуында.