Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Жоспар
1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі 3
2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры 7
3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар 16
4. ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі 20
Әдебиеттер 30
1. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар, мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және заңнамалық тұрғыдан бекіген қаржыландыру көздеріне ие, ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттің нысаналы қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып саналады.
Арнайы бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік бюджетпен параллель жұмыс істеуі қаржы қатынастарын дифференциялауға, олардың бір бөлігін таршеңберде мамандандырылған аяларға бағдарлауға, қаржы қызметінің әртүрлі бағыттарында осы қатынастарды өзіндік диверсификациялауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
2. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры
Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар алуан түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға, нысаналы ақша қаражаттарын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттары мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының сол кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сондай-ақ экономиканың мүмкіндіктерімен айқындалады.
Қор инвестициялық қызметті, қордың активтерін жұмылдыру және орналастыру бойынша, инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операциялардың есебін жүргізетін және жасалған шартқа сәйкес Қордың активтерімен инвестициялық қызмет пен шоттардың жағдайы туралы, қорға тоқсан сайын есеп беретін Қор мен Ұлттық Банк арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қордың активтерін қаржы құралдарына (инструменттеріне) орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.
Қордың активтері:
Қор, бухгалтерлік есепте және есептілік жасау кезінде пайдаланылатын, қаражаттардың есебін жүргізу мен оны сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Сақтауға жататын негізгі қаражаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Мемлекет, әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында нысаналы пайдаланылуы мен сақталуына кепілдік береді.
Әлеуметтік аударымдардың сақталушылығы:
3. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық Қор мемлекеттік даму институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорлар құру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты – шикізатқа бағытталушылықтан кейін шегінуге ықпал ететін экономика салаларын диверсификациялау, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту жағдайын жасау жолымен елдің тұрлаулы дамуына қол жеткізу. Өңдеуші өнеркәсіпте бәсекеге қабілетті және экспортқа-бағдарланған тауарлар өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыты болып саналады.
4. ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотында шоғырландырылған, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктер түріндегі мемлекеттің қаржы активтерін білдіреді.
Ұлттық қор мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қаржы активтерін және өзге мүліктерін жинақтау (материалдық емес активтерді қоспағанда), экономиканың шикізат секторына тәуелділігін азайту және қолайсыз сыртқы факторларға ықпал ету мақсаттарына бағытталған.