Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ жазушыларының шығармаларындағы ұлтық таным мен салт -дәстүр көрінісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Шерхан Мұртаза шығармаларындағы ұлттық таным мен салт-дәстүр 9
1.1 Мүшел немесе «он үште отау иесі» 9
1.2 Өлім жітімге байланысты ырымдар 10
1.2.1 Қаралы үй қара жамылады 10
1.2.2 Жоқтау – қайғы мен қасірет зары 13
1.2.3 Қазаның артта қалғандарына амандық берсін 14
1.3 Жеті қазынаның бірі – құмай тазы немесе ит 14
1.4 «Жар – жар» -қазақтың келін түсіру дәстүрінің киелісі 18
1.5 Бала асырап алу бар халықтың байырғы салты 20
1.6 Көненің тұмар тағу, көз тию ырымдары бүгін де ертең де өз жалғасын таба бермек 24
1.7 Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі 28
2 Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев шығармаларыңдағы ұлттық таным мен салт-дәстүр 30
2.1 Тасаттық немесе – құдайы садақа 30
2.2 Сүндетке отырғызу – ер жеткеннің белгісі 32
2.3 Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл 35
2.3.1 Құда, құда дейсің-ау, құйрық бауыр жейсің-ау 35
2.4 Қазақтың тағамдары мен сусындарының емдік қасиеті мол 37
2.5 Енші берудің бастауы Алаш хан заманынан тараған 40
3 Ш.Мұртаза, Д.Исабеков пен Ә.Кекілбаев еңбектеріңдегі ұлттық танымның ұқсастықтары 42
3.1 Құдайы нан – жеті нан 42
3.2 «Рамазан адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле басталған ай» 45
3.3 Қасиетті шаңырақ 47
3.4 Қыз алып қашу бүгінде көмескіленген дәстүр 55
3.5 Сүйінші-қуаныштың хабаршысы 56
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: өзектілігіне тоқталатын болсам бұл жерде оның өзектілігі біздің қазақ халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмытпау, жадымызда сақтау болып табылады.
Әрине әр халықтың, әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері, ғұрыптары болады. Міне дәл осы дәстүрлер әр халықтың, әр ұлттың өзіндік мінез-құлқын, тұрмыс-салтын, қасиеттерін, олардың көптеген ғасырлар бойы жинап, сақтап келген рухани байлығын көрсетеді. Былайша айтқанда көрсетіп қана қоймай, осы дәстүрлер мен ғұрып-салттар өз халықтарын барша жұртшылыққа танымал етіп, баршаға өзін паш етеді. Әр халықтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері да, басқа халықтар мен ұлттарға ұқсас сәйкестіктері мен ұқсастықтары да болады. Міне осы айтып отырған ұқсастықтар мен ерекшеліктерді кез келген халықтың музыка өнерінен, биінен, қол өнері мен тұрмыстарынан аңғарып байқауымызға болады. Әртүрлі ұлттардың әндері мен күйлерін тындай отырып, би өнері, ою - өрнектері мен зергерлік әшекей бұйымдарын көріп, олармен таныса отырып олардың қай ұлт, қай халық еншісіне тән екенін ажыратып көре аламыз.

1 Шерхан Мұртаза шығармаларындағы ұлттық таным мен салт-дәстүр
1.1 Мүшел немесе «он үште отау иесі»
«Бір мүшелге шықтың, Барсхан. Мүшел жыл ауыр болады деуші еді, аман болшы әйтеуір, - деген» [1, 31] - деп өзінің Ақсай мен Көксай деген әңгімесінде Шерхан Мұртаза мүшел жас туралы, оның уақытында келетін қауіп пен қасіреттің мүмкін болуын атап көрсетеді. Белгілі бір мүшел жасы туралы айтатын болсақ біз әуелі оның не екеніне тоқталуымыз керек. Жалпы мүшел қазақ халқында ғана емес, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың барлығында да бар. Он екі жыдың толықтай бір рет айналып шығуын – бір мүшел деп санаймыз. Сонан әрі қарай сол тәртіппен рет - ретімен кете береді. Бірінші мүшел жасы он үш болса, екіншісінің уақыты жиырма бес жас болып саналады. Кейін осыдан шыға бере үшінші мүшел – отыз жеті, төртіншісі – қырық тоғыз, бесіншісі – алпыс бір, алтыншысы – жетпіс үш, ал одан кейінгісі жетінші мүшелдің уақыты – сексен бес пен адам баласының соңғы мүшелі тоқсан жеті екенін көруімізге болады.

1.2 Өлім жітімге байланысты ырымдар
1.2.1 Қаралы үй қара жамылады
Өлген адамға қайғыруды білдіретін о дүниеге жөнелтуге байланысты жасалатын қарекеттер, оның рухы мен құрметіне жасалатын түрлі рәсімдер жүйесі-аза. Аза - сан алуан шаралардан тұратын күрделі кешенді ғұрып.
Әдетте, қайтыс болған әйелдер мен балаларды аза тұтпайды. Азаға төмендегідей жоралғылар жатады: бой жасаған кезде атқарылатын бақұлдасу, арыздасу, қоштасу, атақты адамдардың өсиет қалдыру, жерлеу, көрісу, қаралы ту тігу, қара жамылатын болған адамның атынан жоқтау шығару, ас беру, марқұмды ардақтау, оның адамгершілік қасиеттерін еске түсіру, қаралы үйдің қайғысына ортақ болу және т.б. [4, 183 б].

1.2.2 Жоқтау – қайғы мен қасірет зары
Алдында Шерхан Мұртазаның «Ақсай мен Көксай» деген еңбегіндегі мына мысалды қарастырғанмен, біз онда тек бір ғана ырым еместігін айтқанбыз. Ол мысалдағы екінші салт жоқтау болып табылады. Мысалымыз мынау: «Үйдің төбесінде бақанға байланған аттың қара құйрығы тұр екен. Менің аң-таң болғанымды көріп Мамытбек:

1.2.3 Қазаның артта қалғандарына амандық берсін
Өлім жітімге байланысты ырымдардың тағы бірі – көңіл айту болып табылады.
– Әкейдің қазасы қайырлы болсын! [3,128 б] – деп жазады Шерхан аға өзінің Аманат атты әңгімесінде. Әрине ағамыздың салт-дәстүрлерді өз шығармаларында шебер қолдана білуін мойындауымыз керек. Осы жолы дәл солай. Қысқа да нұсқа. Қарт кісі өзінің ауылдасына әкесі қайтыс болғаны үшін қапалы екенін, оның қайғысына ортақтас екенін айтады. Қазақ халқымызда кісімен қандай жаман қатынастарда болсан да, егер оның жақындарының немесе туыс-бауырларының бірі қаза боса, сен оған көңіл айтуын керек. Бабаларымыздың «Өлімді жауыма да тілемеймін» немесе «жау да болсаң өлім тілеме» деген даналық өсиет сөзі бар.

1.3 Жеті қазынаның бірі – құмай тазы немесе ит
Жалпы алғанда жеті қазына дегеніміз ол қазақ халқында мыналар болып саналады: біріншісі – ер жігіт, екіншісі – сұлу әйел, үшіншісі – ақыл мен білім, төртіншісі – жүйрік ат, бесіншісі – қыран бүркіт болса, алтыншысы – берен мылтық пен жетіншісі – жүйрік тазы немесе ит. Ең соңғысын қазақ жұртшылығы құмай тазы деп те атай береді.

1.4 «Жар – жар» -қазақтың келін түсіру дәстүрінің киелісі
«Жар-жар» магнитофонмен айтылған шақта ақ желеңді қалындық пен қара костюмды жігіт қолтықтасып, қызыл шатырлы үйдің босағасынан түсе берген [17, 76 б]. Бұл көріністі Шерхан Мұртазаның «Жаңбырлы той» атты әңгімесінен байқауымызға болады. Иә, шынымен-ақ, бұрын жас келіншек жар-жарды өзі айтқан болса, қазыр ол дәстүр жоқ. Бар болса да осылай тек қана үнтаспа арқылы ған еститынымыз бар.

1.5 Бала асырап алу бар халықтың байырғы салты
Ерлі-зайыптылық өмір сүріп жатқан адамдардың барлығы да күлкісі – нұр, жүзі – күн сәби сүюді армандайды. Бұл – табиғат заңы, өмірдің мәні. Тек, не әйелінің, не ер адамның бедеулігінен балалы бола алмайтын отбасылар көп. Әрине, ол үлкен өкініш, қайғы-қасірет. Дәрігерлердің түсіндіруінше, бедеулікке ер адам да, әйел де жасқа байланысты физиологиялық жолмен келеді. Әйелдің жыныстық жағынан пісіп-жетіліп, бала таба алатын кезеңі 18-45 жас аралығында. Сол себепті ерлі-зайыптылар осы жас аралығында емделіп, үміттерін де үзбейді. Егерде үміттері ақталмаса, көп отбасы бала асырап алады.
Ал енді халқымыздың бала асырап алу дейтін дәстүріне тоқтала кетсек деймін. Өз еңбегінде Шерхан ағамыз былай деп жызады:

1.6 Көненің тұмар тағу, көз тию ырымдары бүгін де ертең де өз жалғасын таба бермек
Шерхан Мұртаза тағы бір әңгімесіңде былай деп жазады: «Әміреқұл мен Шәрбанның бақытын күндемеген адам кемде-кем. Әйтеуір сол елдің тіл-көзі тиді ме, кім білсін, бейшара. Әміреқұл көкең сендер туған соң бір жылдаң соң қайтыс болды». [3, 33 б]. Ия, дәл осы көз тию дегенге қазақ халқы сенгіш келеді. Бұл сенімдері сонау бағзы замандардан бері қалыптасып келеді. Қандай да бір ауруға шалдыққан кезде, ісі алға жүрмей қалған кезде барлығын да осы көз тиюге сиыра салады. Көз тиген кезде халқымыз осыған қарсы түрлі емдерді қабылдайды, құран сабақтарын оқиды. Тұмар тағады. Әлбетте осы орайда да Мұртазаның келтірген ұлттық нақыштағы өз мысалы бар. «Ә, айтпақшы, Барсхан-ай, мә, мынаны сен мойнына тағып қойшы, алқын-жұлқында мен жоғалтып алам ба, -деп, жерге түскен маған тәпсісімен қоса үшкіл қара тұмарды қойнынан алып берді».

1.7 Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі
Шерхан Мұртаза:
- Қайран қазақ әмеңгер жолмен сенің әкең Мұратқа қосамыз деп көріп еді... Сенің анаң көнбеген соң қойды [1, 34 б ].
Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайын інісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген.

2 Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев шығармаларыңдағы ұлттық таным мен салт-дәстүр
2.1 Тасаттық немесе – құдайы садақа
Дулат Исабековтың «Қараспан процесі» атты әңгімесінде тасатыққа мынандай мысал келтіріледі:
Былтырғы қуаншылық жылы ауданнан келген уәкілдің: «қуаншылыққа қарсы қандай шара қолданып жатырсың? » -деген сұрағына сасып қалып:
– Екі рет тасаттық бердік, деген екен [24, 237 б].
Жалпы алғанда тасаттық деген не, оның қуаншылыққа қандай қатысы бар екен дейтіндей сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Х. Арғынбаевтың айтуынша тасаттық дегеніміз мынау: «Тасаттық – жаңбыр шақырту дәстүрі. Оның Орта Азия халықтары арасында ерте, орта ғасырдан күні бүгінгіге дейін жалғасып келе жатқан ежелгі түріктердің «жаңбыр жаудыратын тас » - джеде –таш, яда, суу –таш, жайтас туралы ұғымдарынан бастау алатыны аян » [25, 127 б].

2.2 Сүндетке отырғызу – ер жеткеннің белгісі
Өзінің « Талахан – 186 » атты шығармасында Дулат Исабеков былай дейді:
– Ол екі баласын сүндетке отырғызу үшін Арыстағы хирургке алып кеткен, -деді физкультуршы Әбдеш.
– Бұл жетіде келе алмас [31, 264 б].
Қазақ халқында тұрақты тойланатын ғұрыптардың бірі, әрі мұсылмандық жора – сүндет той. Ұл балаларды бес – жеті жасқа (міндетті түрде тақ жылы болуы керек) келгенде сүндеттейді. Этнографиялық әдебиеттерде бұл ғұрып балалардың келесі сатыға ( ер жету ) өтудегі исламдандырылған сарқыншақтары ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта сүндеттеу тәжірибелі хирургтың қолымен ауруханада (кейде үйде) жасалады. Жарасы жазылғанша баланың көңілін аулауға туыстары мен көршілері келіп, сыйлықтар тапсырады. Жетісу қазақтарында Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанды мекендейтін қазақтарға қарағанда сүндет той мол дастарқан жаю күйінде емес, жай ғана, қарапайым түрде көршілер мен жақын туыстардың атсалысуымен өтетін болған.

.


2.3 Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл
2.3.1 Құда, құда дейсің-ау, құйрық бауыр жейсің-ау
- Той томалақ тарқаған соң Қаракең қасына ауыл шалдарынан екі-үшеуін алып, көрші колхоздағы құдасының үйіне тартты[33, 55 б].
Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын өткізеді. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-бірін “бауыздау құда” деп аталады. Құда түсу - қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады - Сөйтіп екі бас құда алғаш таныстықтарын мал-жан амандығымен, әзіл-оспақпен бастап, күн жарымы ауғанда барып, осылайша келелі кеңеске көшті. Екі жақ мәмілеге келіп, ет құда болайық деп қол алысқанда қыстың ұзақ таңы сыз бере бастап еді, -деп жазады өзінің «Шалдар» әңгімесінде Дулат Исабеков. [33, 58 б].

2.4 Қазақтың тағамдары мен сусындарының емдік қасиеті мол
Дешті Қыпшақ даласында өмір сүрген біздің ата-бабаларымыз жорықта, көшіп-қонуда, сапарда, ыстықта, шаршап-шалдыққанда өзінің шөлін қандыру үшін ұлттық сусындардың талай тамаша түрлерін ойлап тапқан. Сусын ішіп отырып әңгіме құрып, талай істің шешімін тапқан, соңына өсиет болар өнегелі сөздер де қалдырған. Қазақтың осы ұлттық сусындарының ішінде кең тарағандары: қымыз, шұбат, айран, боза, көже және тағы да басқалары. [36, 20 б].

2.5 Енші берудің бастауы Алаш хан заманынан тараған
Жамандап қайтейін, келнімнің іші онша кең емес. Содаң соң оларға енші бердік, [39] - деп жазады Бейтаныстар атты әңгімесінде Дулат Исабеков ағамыз. Жалпы енші дәстүрі қазіргі заманда кең таралған. Себебі әке –шешесімен бірге тұратын жастар яғни үйленіп, үй болған отбасылар өте аз, некен - саяқ.

3 Ш.Мұртаза, Д.Исабеков пен Ә.Кекілбаев еңбектеріңдегі ұлттық танымның ұқсастықтары
Менің ойымша мен өзімнің курстық жұмысыма арқау еткен жазушылардың үшеуінің де әңгімелеріңде ұлттық таным мен дәстүр көрінісі өте шебер бейнеленген. Шерхан Мұртаза шығармаларында осы ұлттық таным аса көп, ал одан кейін екінші орында Дулат Исабеков болса, Әбіш Кекілбаевта ол азырақ. Дегенменен үшеуінің де шығармашылығынан байқайтынымыз: ұлтымызға деген сүйіспеншілік пен келешек ұрпаққа деген алаңдаушылық.

3.1 Құдайы нан – жеті нан

Шерхан Мұртаза:
– Ия, аруақ, ия тәңірі, жеті теңге, жеті нан құдайы, ия аруақ, -деп Арзы апам келіп менің аузыма саусағын салып, таңдайымды көтерді[1, 40] - деп жазады да тағы бір әңгімесіңде:
– Апам жеті шелпек пісіріп, құдайы нан таратты. Түс көріпті. Түсінде сен шексіз –шексіз теңізде малтап жүр екенсің... [42, 229 б] –деген көріністі суреттейді.
Әбіш Кекілбаев:
– Енесі майға нан пісірді. Тұрғын нан иледі, шелпек жазды. Ымырт түсе пішіншілер жұмыстан қайтты. Енесі үй – үйге кіріп, құдайы нан таратты [43, 119 б].

3.2 «Рамазан адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле басталған ай»
Шариат бойынша: ораза дегеніміз – таң атқаннан түн батқанға шейін ас – су ішуден, шариғатқа қайшы келетін сөздер мен қылықтардың тыйылып, бір Аллаға құлшылық етту.
Қасиетті Құранда айтылған:
«Ей, иманн келтіргендер! Тақуаллықтан үміттерін болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етіледі» [44, «Бақара» сүресі, 183 –аят].
Шерхан Мұртаза:
– Ораза айы. Ылдидағы ауыл адамдары ақшам шағында Нәпіл қойшының үйіне жиналған. Ауыл молдасы дұға оқыды. Дастарқан басындағылар енді әр түрлі әжік – күжік әңгімеге кірісті [45, 241 б].

3.3 Қасиетті шаңырақ
Шерхан Мұртаза:
Көшпенді өмірдің соңы сол болған шығар, өйткені қырық үшінші жылдың қысында жұрт киіз үйлердің сүйегін –керегесін, уығын отқа жаға бастады... Соғыс пен боран қанша қасарысса да мыңбұлақтықтар киіз үййдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Шаңырақ жағылғанша, сирақтың шабылғаны артық [13, 81 б ], -дейді де тағы бір мысалымен осы қара шаңырақты қазақ қадірлейтінін көрсетеді.
«Мақсұттың үйінің түтіні өшпесін, шаңырағы құламасын –отырмын осында»,-деді[8, 73 б ].

3.4 Қыз алып қашу бүгінде көмескіленген дәстүр
Шерхан Мұртаза:
«...Османалы деген бір қырғыздың Шәрбан деген қызын алып қашып келген. Ол өзі бір жерге айттырып қойған адам екен, құдайым бір өзі пана болсын, қырғыз-қазақ қырғын бола жаздап барып әрең басылған. Қыз:
- «Өз ықтиярыммен келдім. Мен үшін қырылыспандар»,-деген соң саябырсыды»,-деп өзінің тағы бір әңгімесіңде жазады Шерхан Мұртаза[1, 33б].
Дулат Исабеков:
- Сол, Қареке, сіз келісім берсеңіз болды. Тойды жасап жібереміз. Келініңіз тура ертең үйде болады. Келісесіз ғой?
Қаракең ұзақ ойланды. Ойпырмай, міне, бұл күндегі жастардың тірлігі осы, аппай-топай, -деді ішінен... [33,54-55].

3.5 Сүйінші-қуаныштың хабаршысы
Әбіш Кекілбаев:
– Жеңеше, сүйінші, сүйінші!
Мына бала не дейді қызылтанау болып жүгіріп келеді ғой өзі. Дәулет келіп жүрмесің.., [37, 115 б]. -деп жазды өзінің Ең бақытты күн атты әңгімесіңде Әбіш Кекілбаев.
Дулат Исабеков:
- Әй, Қалампыр, сүйінші, сүйінші! –деді сырттағы дауыс.Оның бағанағы Қатира екенін бірден таныды.
- Сүйіншін қойнында? Не болды?
- Жайбасардың әйелі ұл туды!...
-Әй, Қатира, сүйіншін мынау болсын. Аяқ астында бұдан өзгенің реті келмейді, -деп оның басына шалі орамал жауып, қолына сусылдаған тігулі жібек көйлек ұстатты [33, 72-73 б].

ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өзімнің дипломдық жұмысымды қорытындылай келе бұл жұмыстың арқаснда өзіме көптеген пайдалы білімдер алғанымды нық сеніммен айта аламын. Осынау бір қасиетті тақырыпты қарастыру маған өте қызықты әрі пайдалы болы. Шыны керек көп нәрсені біле бермейді екенмін. Соларды оқып жадымда сақтау қалуға тырысып бақтым. Міне біздің мол мұрамызды зерттеу барысында мен өз жұмысыма қазағымыздың біртуар, ортамызда орындары өзгеше қадірлі үш тұлғаның әңгімелерің арқау еттім. Олар: Шерхан Мұртаза, Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев сынды ірі тұлғалар. Аталған жазушылардың әңгімелерінде кездесетін, ұлттық мәні бар, тұрмыстық, отбасылық, сондай – ақ басқа да тақырыптарға сәйкес ырымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қарастырдым. Ал өз кезегінде осы әдет -ғұрыптардың мен оқып, қарастырған шығармаларда молынан кездесетінін атап кеткен жөн деп білдім.