Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысындағы дәстүр мен даму үрдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ өлең құрылысының даму кезеңдері 8
1.1 Қазақ өлеңдерінің құрылымдық бастаулары 8
1.2 Абай мен Шәкәрім өлең ырғағының арналық дамуы 8
1.3 Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі мазмұн мен түр сабақтастығы 16
1.4 Қасым Аманжолов пен Сырбай Мәуленов шығармашылығындағы лирикалық өрнектер 18
1.5 Жұмекен Нәжімеденов пен Мұхтар Шаханов ерікті өлең мәнерінің екі үлгісі 22
2 Өлең құрылысының теориялық мәселелері мен даму үрдістері 26
2.1 Қазіргі өлең құрылысының теориялық мәселелері 26
2.2 Қазіргі өлең құрылысының даму үрдістері 32
3 Қазіргі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі 36
3.1 Дәстүрлі ырғақтардың даму үрдістері 36
3.2 Қазіргі поэзиядағы жаңа ырғақтық сабақтастықтар 41
3.3 Дәстүрден тыс ырғақтық жүйелердің түрлері 47
3.4 Өлең ұйқастарының құрылымдық және дыбыстық жүйесі 50
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КІРІСПЕ
Поэзиялық шығарма – жай сөз емес, жүйелі сөз, сымбатты да сұлу сөз. Оның ішкі сарайының салтанатын көрсететін сыртқы ырғақтық-интонациялық, әуенділік-әуезділік сипаттары екендігі әркімге аян. Поэзиялық шығармалардың біржақты, яғни ішкі тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесінің ғана зерттеліп келуі ақынның дара тұлғалық шеберлігі мен өлеңнің интонация ғана аша алар терең де нәзік сырларын таныту мәселесін толық шеше алмады. Поэзиялық шығарманың ішкі болмысы сыртқы түрі арқылы көрінетіндіктен оның ырғақтық-интонациялық, әуендік-әуезділік жүйесін ғылыми тұрғыда зерделеп, жеке ақынға тән оларды жасау шеберлігін таныту қашан да өзекті.

1 Қазақ өлең құрылысының даму кезеңдері
1.1 Қазақ өлеңдерінің құрылымдық бастаулары
Қазақ өлеңінің ырғақтық-интонациялық бастауы ретінде жеті, сегіз және он бір буынды өлшемдер аталып, бұл өлшемдердің ырғақтық-интонациялық жүйесі ғалымдардың еңбектерінде кеңінен талданған-ды.
Жыраулар поэзиясын терең танып, жете меңгеріп, ерекше қадір тұтушы, жазушы-зерттеуші М.Мағауиннің мына бір ескертпесі орынды айтылған: «Жырау туындыларындағы тармақтар өздерінің буын саны жағынан алғанда үнемі біркелкі болып отырмайтыны мәлім. Және бұл кездейсоқ құбылыс емес, жырау поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінің бірі. Алайда бұл жайға осы уақытқа дейін назар аударылған емес. Бұл мәселе қазақ өлеңінің құрылысын арнайы зерттеп жүрген ғалымдардың назарынан да тысқары қалған» [1.147-б.]. Ал жыраулар поэзиясының ырғақтық-интонациялық жүйесі өзгеше шебер құрылған. Оның себебі – толғаулардың суырып-салып айтылатын өзгеше табиғатында. Толғаулар – шешендік, яғни декламативті өлең интонациясының бастауы.

1.2 Абай мен Шәкәрім өлең ырғағының арналық дамуы
Қазақ әдебиетінде бар, бірақ өлең өлкесінінен алыс, ауыз әдебиетінің
мақал-мәтел, санамақ, жаңылтпаш сынды шағын жанрлар аясында көрініп жүрген өлшемдермен тұтас өлеңдер жазып, ырғақтық-интонациялық жүйесін түрлендіру арқылы оның ішкі тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен бірге сыртқы интонациялық-мелодикалық сапасын да жаңартты. Екі ұлы ақынның өлеңнің ырғақтық-интонациялық жүйесінде жасаған жаңашыл бастамалары қазақ поэзиясының барлық даму кезеңінде көрініп қоймай, оның өн бойына даму үрдістерін айқындайтын дәстүр болып берік қаланды. Абай мен Шәкәрім өлеңдеріндегі дәстүрлі өлшемдерді жүйелі сабақтастыру, өлшемдердің жаңа өрнектерін, яғни бунақтық сабақтастықтар табу, өлшемдерді бөлшектеу арқылы жаңа ырғақтық жүйе жасау сияқты, жалпы ырғақтық-интонациялық жүйені түрлендірудің алуан түрлі мүмкіндіктерінің ашылуы қазіргі қазақ ақындарының да жүгінетін негізгі жолы болып отырғандығы ғылыми тұрғыда зерделенеді.

1.3 Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі мазмұн мен түр сабақтастығы
Абай мен Шәкәрімнен кейін өлең құрылымындағы жаңа леп ақындар Мағжан мен Сәкен және олардың төңірегіне топтасқан ақындар қатарынан көрінеді. Екі ақынның шығармашылық сапары аласапыран заман ағымына ілесе отырып, бір-бірімен сабақтастықта, әрі қайшылықта өрбіді. Жас ақындардың шығармаларындағы тақырыптық-идеялық үндестіктер шығармашылық келбеті қалыптасып, толысқан шақтарында ақындардың жолдары алыстап, өлеңнің тақырыптық-идеялық, ішкі мазмұндық өрісіндегі жік тереңдей түседі. Екі ақын да романтикалық сарындағы әдебиетті толғады. Ол заңды да. Қоғамдық ұлы өзгерістер екі ақын жүрегіне қанат байлап, көкке самғатқаны белгілі. Екеуі де халық үшін үлкен өзгерісті сезініп, ел үшін атқан арайлы таңды шабыттана жырлауға кірісті.

1.4 Қасым Аманжолов пен Сырбай Мәуленов шығармашылығындағы лирикалық өрнектер
Екінші дүниежүзілік соғыс қоғамға және өнерге жаңа мазмұн әкелді. Бұл кезеңде көтерілген тақырыптарда ерлік пен өрлік, елдік пен адами сезімдер астасып жатыр. Поэзияда лепті, көтеріңкі және лирикалық әуендер орын алды. Сондай-ақ ойлы, сезімді жырлардың құрылымдық негізі ырғақтық-интонациялық жағынан құнарлы еркін өлеңдерге көп жүгінді. Сондықтан соғыс кезеңі ұлт поэзиясының алдыңғы қатарында Ә.Сәрсенбаев, Қ.Бекхожин, Ж.Молдағалиев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Д.Әбілев, С.Мәуленов сияқты қан майданда болып, оның барлық азабы мен қасіретін көрген жауынгер ақындар Олар өлеңдеріне арнайы түр іздеген жоқ. Олардың өлеңдерінің сыртқы пішіні ішкі болмысымен бірге пайда болғандықтан бір-бірінен ажырағысыз, шымыр шықты, яғни «түрінің өзі мазмұнға айналды».

1.5 Жұмекен Нәжімеденов пен Мұхтар Шаханов ерікті өлең мәнерінің екі үлгісі
Сөйлеу мәнерінің екі түрлі үлгісінің сипаттарын бойына мол жинаған Ж.Нәжімеденов пен М.Шаханов өлеңдері.
Жұмекен өлеңдерінің табиғилығы мен Мұхтар өлеңдерінің биік пафостылығын айқындайтын ең алдымен олардың тақырыптық-көркемдік жүйесі екендігінде дау жоқ. Дегенмен де олардың өлеңдеріндегі өлшемдер сабақтастығы мен құрылымдық жүйесі өлең интонациясының мелодикасын түзуде үлкен рөлге ие. Орыс өлеңтанушысы В.Холшевников ерікті өлеңге тән сөйлеу ауызекі, тұрмыстық әңгімелеу мен биік патетикалық шешендік сөйлеу сияқты интонациясының екі түрін көрсетеді [14.174-б.].

2 Өлең құрылысының теориялық мәселелері мен даму үрдістері
2.1 Қазіргі өлең құрылысының теориялық мәселелері
Өлең құрылысы дамымай, бірқалыпта өзгермей қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан өтетіндіктен оның мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Өлең құрылысының теориялық тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын өлеңтанудың негізін қалаушы академик З.Ахметов зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-ді. Өлеңтану да поэзиямен бірге даму, түрлену жолын өтеді.

2.2 Қазіргі өлең құрылысының даму үрдістері
Қазіргі қоғамда әр адам өз ішкі әлемімен, сыртқы проблемаларымен жалғыз қалды. Жаңа қоғам жеке тұлғалардың жалқы майданына айналды. «ХХ век оголил человека, оставил его наедине с хаосом, заставив осознать ужас своего одиночества, трагизм своей судьбы и искать самом себе ресурсы сопротивления энтропии» [26.671-б.]. Осы бір кезеңде өнерге төнген қауіп туралы ой қазақтың белгілі сыншысы Ә.Бөпежанованың еңбектерінде жалғасады: «Ұлттық рухани мәдениеттің әлемдік рухани айналымға түспек түгіл, өз ортасында жайсыздық сезінуі, рухани мәдениетті жасап, қалыптастырушылардың вакуумда қалып отырғандай қалып-күйі, ал әлемге танылуда да, өзімізде де ұлттық дегенге қатыстының бәрі шектен тыс декларативтік сипат алуы – ХХІ ғасырда ұлт болып емес, мәдениет есебінде ғана күн кешуге бет бұруымыздың «бүгіннен қаланып отырған негізі» демеске амал кем» [27.272-б.].

3 Қазіргі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі
3.1 Дәстүрлі ырғақтардың даму үрдістері
Алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі буынды дәстүрлі өлшемдер бүгiнгi өлеңдер үшiн де алуан түрлі ой мен сезім әуенімен құбылып, ырғақтық-интонациялық тұғыр болып жүр. Қазiргi поэзияда дәстүрлі ырғақ кестелері бiр тармақта тiзiлiп тұра қалмайды. Бiрқатар өлеңдерде ол екi тармаққа жiктелсе, кейбір өлеңдерде әр бунағы бірнеше тармақтарға жіктеліп беріледі. Оның барлығы өлең құрылымының ырғақ жүйесін өзгерте алмайды дегенмен, оны тек сыртқы графикалық кескіні деп мән бермеу, маңызын жете бағаламау үстірттік болар еді. Осы сыртқы графикалық суреттер өлеңнің ішкі тақырыптық-идеялық ерекшелігінен туындайтын бүгінгі ақынның жеке қолтаңбасы. Қазір он бір буынды өлшемнің бірнеше тармаққа тасымалданып жазылуы өріс алып барады. Оның шын мәнісін ғалым З.Ахметов былай түсіндіреді: «Осының мәнісін тереңірек түсінуіміз қажет. Жаңалықтың түп-төркіні өлең-жырды бұрынғыдай белгілі әуенге келтіріп, термелеп айтып, әндете оқымай оқуға, сөйлеу интонациясына лайықтап жазуға беттегендікке байланысты» [5.206-б.].

3.2 Қазіргі поэзиядағы жаңа ырғақтық сабақтастықтар
Айнымалы ырғақтық-интонациялық жүйеге құрылған ерікті өлеңдер қазіргі қазақ поэзиясының негізгі үрдісіне айналған. Қазіргі ерікті өлеңдердің ырғақтық негізін дәстүрлі өлшемдердің әрқилы өрнектерінің сабақтастығы құрап отыр. Ұзынды-қысқалы өлшемдердің жүйелі сабақтастығына құрылған өлеңдер қазіргі ақындардың көпшілігінің шығармашылығына тән. Қазіргі ақындардың өлеңдерінде ұзын әрі қысқа немесе көп буынды және аз буынды өлшемдерді сабақтастырып, ырғақтық-интонациялық жүйесін құнарландыру үрдісі бар.

3.3 Дәстүрден тыс ырғақтық жүйелердің түрлері
Қазіргі поэзияда формалық жағынан дәстүрлі өлшемдерден тыс дамудың ақ өлең, верлиберлер, прозалық өлеңдер мен графикалық суреттер арқылы көрінуде. Мұндай формалар ақын ізденісінің бірі, яғни мазмұнды берудің бір жолы ретінде талантты ақындардың шығармаларында көрнекті орын алмаса да, тәжірибелік деңгейде көрініп жатады.

3.4 Өлең ұйқастарының құрылымдық және дыбыстық жүйесі
Қазақ поэзиясы өлең өлшемінің негізгі көрсеткішінің бірі – ұйқасқа әлі де берік байлаулы. Қазіргі поэзияда өлшемнің бір негізі – ұйқастардың да түрленуі белсенді көрінеді. Кей ұйқас түрлері өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қолдану аясын кеңейтсе, енді біреулері ырғақтық айналымда аз ұшыраса бастады. Қара өлең ұйқасы мен егіз ұйқас М.Шаханов, Ж.Нәжімеденов, Т.Әбдікәкімовке дейін шумақты лирикалық өлеңдердің аясында болса, қазір бұл ұйқастар шумақсыз беріліп, үлкен эпикалық шығармалардың құрылымдық негізіне айналды. Ал Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ілияс, Сәбит поэзиясында жиі қолданылған кезектес ұйқас қазір көп ақындардың шығармашылығында көріне бермейді. Оның себебі бұл ұйқас түрінің монорифмалық құрылымынан туындайтын мәнерінің бір қалыптылығы, салмақтылығы қазіргі поэзияның эмоционалдық мазмұнын аша алмайды. Қазіргі поэзияның ішкі көркемдік-бейнелілік композициясының талаптарына толық жауап беретін дәстүрлі құрылымдар оның заңдылықтарына сай жаңғырып көріне алса, ырғақтық жүйе ретінде қалады да, көріне алмаса қолданылу мүмкіндігі азая береді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі өлең жүйесі өзіндік дербес интонациясы мен мелодикасы бар өлең. Кей жағдайда ақындар өлеңнің сөзінен бұрын сазы туатынын айтып та жүр. Өлең құрылымы поэзия пайда болғалы өзекті тұрған мәселе. Шеберлігі жетсе, өзгеше интонациямен ешкімге ұқсатпай қай ақын өлең өргісі келмейді дейсіз? Өлеңнің құрылымын түрлендіру шын талантты ақындардың шеберлігі жетер іс екендігін оның ырғақ жүйесін түрлендіріп, өзіндік өрнектерін салған ақындар шығармашылығы айқындайды. Олардың шығармаларының оқырман жүрегінде қалып, биік бағалануы тақырыпты ашып, идеяны нақты айта біліп, ойын көркем де, бейнелі жеткізуі үстіне, сол ойдың кеңінен ашылып, тілге орайлы, көкейге қонымды жетуін қамтамасыз ететін өзгеше интонациясы, мазмұнға сай пішілген формасы.