Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 84 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес жағдайының дамуы


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Шағын бизнестің дамуының теориялық негіздері 7
1.1 Бизнестің даму эволюциясы 7
1.2 Бизнестің экономикалық мәні мен даму тарихы 10
1.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау 16
1.4 Шағын бизнестің дамуы мен оның рейтингін жоғарылату жөніндегі шетелдік тәжірибені зерттеу 23
2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингі мен даму ерекшеліктері 39
2.1 Шағын бизнесті басқарудың жүйелілік тәсілі 39
2.2 Шағын бизнестің дамуының жаңа бағыттарын анықтау 45
2.3 Шағын бизнес факторларын талдау 52
3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жоғарылату жолдары 62
3.1 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату жүйесін қалыптастыру 62
3.2 Шағын бизнес стратегиясы 73
Қорытынды 78
Қолданылған әдебиеттер тізімі 84

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында бизнес қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет бизнес белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың бизнес моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолыңдағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.

1.2 Бизнестің экономикалық мәні мен даму тарихы
Бизнес процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі.
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан бизнес процесс — бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру процесі.

1.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау
Қазақстанда шағын бизнесті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады.
Шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен, Қазақстанда шағын бизнес қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке бизнесті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді.

1.4 Шағын бизнестің дамуы мен оның рейтингін жоғарылату жөніндегі шетелдік тәжірибені зерттеу
Дүниежүзілік банк рейтингке сәйкес ең алдыңғы 25 елдің қатарына (орын алу тәртібі бойынша) кіреді: Сингапур, Жаңа Зеландия, Америка Құрама Штаттары, Гонконг (Қытай), Дания, Біріккен Әмірлік, Канада, Ирландия, Австралия, Исландия, Норвегия, Жапония, Финляндия, Швеция, Таиланд, Швейцария, Эстония, Грузия, Бельгия, Германия, Нидерланды, Латвия, Сауд
Арабиясы, Малайзия және Австрия. 178 мемлекеттің экономикасының
рейтингімен толық танысуға болады.
Баяндамада 2006-2007 жылдары аса маңызды реформаларды Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдерінде, сондай-ақ Қытай мен Үндістанды қосқанда экономикасы даму үстіндегі елдерде жүргізеді. Ағымдағы жылы Египет бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауда алдыңғы реформатор елдердің тізімінде бірінші орында тұр. Бұл ел жаһандық рейтингте өз позициясын маңызды түрде жақсартты, яғни есептілікте талданатын 10 облыстың ішіндегі 5 облыстың реформасын жүзеге асырып, екі жыл қатарынан бірінші орынды Сингапур иеленіп келеді.

2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингі мен даму ерекшеліктері
2.1 Шағын бизнесті басқарудың жүйелілік тәсілі
Бизнесті қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырып экономикалық дамудың бизнес моделі экономиканың осы секторындағы басқару жүйесінің тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны бизнес-жүйелік тәсілдің принциптері негізінде басқарылатын күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез-келген жүйе, соның ішінде бизнесті басқару жүйесі де бір қатар белгілермен сипатталады.

2.2 Шағын бизнестің дамуының жаңа бағыттарын анықтау
Қазақстан Республикасында жүргізілген талдау нәтижесі бойынша отандық кәсіпорындардың инновациялық деңгейі әлде қайда төмен, нақтырақ айтқанда, қазақстандық кәсіпорындарының 2,1% ғана инновациялық қызмет етеді (жаңа өнім немесе өндірістік үдерісті жасап енгізу), ал мысалы Эстонияла бұл көрсеткіш 36%-ға тең, Венгрияда 47%-ға. Оның сыртында, инновациялық кәсіпорындардың басым бөлігі шетелдік компаниялар.

2.3 Шағын бизнес факторларын талдау
Демек, рейтингтің жеке позициялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің нашарлауы көптеген сұрақтарды тудырады, қанша дегенмен соңғы жылдары барлық реформалар инвестициялық ахуады жандандыруға және бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға бағытталған. Әрине, бұндай едәуір кемшіліктердің болуы елдің рейтингісін есептейтін әдістеменің болуынан деуге болады. Қалай болса да, рейтингтердің жеке позияциялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің төмендеуі ескертпе болып табылады.
Сауалнама көмегімен алынған мәлметтер мұқият зерттелуі керек, қалай дегенмен олар көп пайдалы ақпаратты беруі мүмкін, әсіресе төмен рейтигтер бақыланып жатқан позициялар бойынша.

3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жоғарылату жолдары

3.1 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату жүйесін қалыптастыру
Біздің еліміз өзінің даму жолында жаңа кезеңге аяқ басуда. Бұл бәсекеге қабілетті экономиканың, оның модернизациялануы мен әртараптануының қалыптасу кезеңі. Бүгінгі күні елімізде Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған екі маңызды құжат бар: Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы, олар жаһандық экономикада Қазақстанның болашақтағы дамуының негізгі контурларын анықтайды.

3.2 Шағын бизнес стратегиясы
Бізде де, шет елдеде де стратегиялық басқару проблемалары бойынша жүргізілген зерттеулер аз емес. Экономиканың нарыктык қатынастарға өтуі көбінесе кез-келген бір жоспарлаудан мүлдем бас тартуға байланысты. Мұның бір себебі әкімшілік-өміршілдік жүйе жағдайындағы орталықтандырылған басқарудың қанағат тұтарлық еместігі болуы мүмкін, себебі ол кезде макроэкономикалық көрсеткіштерден бастап, ғимарат соғуға қажетті шегелердің саны мен бағасына дейін барлығы жоспарланатын. Алайда нарықтық жүйені іс-әрекеттері тек сұраныс пен үсыныс арқылы реттелетін жекелеген тауар өндірушілердің шиеленіскен қозғалыстары ретінде қабылдау біздің көзқарасымыз бойынша кдте түсінік. Оның үстіне соңғы он жылдықтарда дамыған нарықгық экономикасы бар елдерде стратегиялық жоспарлау мен басқаруға көп көңіл бөлінуде.

Қорытынды
Жұмыста бизнес терминінің эволюциясы қарастырылды, ол Ричард Контиллионның ілімдерінен бастальш, қазіргі кезгі авторлардың жүргізген зерттеулерімен аяқталады. Олар өз кезегінде/бизнесті тек адамдардың тәуекел мен инновацияға бейім болулары ғана емес, ал одан да маңыздырақ мәнге ие, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіреді деген пікірде еді.
Қазіргі заман теорияларында бизнестің 6 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әр қайсысы өз алдына бір мектеп болып, бизнес пен бизнес процесс туралы өз түсіндірмелерін береді. Жұмыс барысында әр түрлі мектептердің ілімдері бір-біріне қарама-қайшы келмейді деген маңызды қорытынды жасалды, себебі мектептердің әрқайсысы бизнес феноменінің жекелеген қыр-сырларын оқып үйренумен айналысуда.