Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

С. Дөнентаев - мысалшы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 С.Дөнентаев шығармашылығын дәуірлеу 4
1.1 С.Дөнентаевтың мысал жанрын дамытудағы еңбегі 4
1.2 С.Дөнентаев - поэзия шебері 7
2 Сәбит өлеңдеріндегі сыншылдық реализм 10
2.1 Сәбит шығармаларындағы әлеумет теңсіздігі мен әйел теңдігі тақырыбының жырлануы 10
2.2 Ақынның поэзия жанрын байытқан жаңалығы 17
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Сәбит Дөнентаев шығармашылығына бүгінгі уақыт талабына сай, егеменді ел мінбесінен сөз айту. Сөйтіп, ақынның ХХ ғасыр басындағы әдебиетке қосқан үлесін нақты айқындау, оның қазақ сатира жанрына қосқан үлесін бағалау. Осы тұрғыда ой сараптай келіп, оның шығармашылығындағы азаттық-ағартушылық сарында жазылған туындылырына жаңа ой жүйесінен қорытынды жасау және оның қалыптаса бастаған проза жанрына қосқан бағалы шығармасы туралы ой түйіндеген жөн.
Өзі өмір сүрген ХХ ғасырда Сәбит Дөнентаев өзіндік тілі мен стилі жағынан ерекшеленген сатирик ақын. Ол өз шығармаларында қазақ халқының ауыр өмірін жырлап, сол кездегі қоғамның әлеуметтік мәселелерін көтерген болатын. Сондай-ақ қазақ халқын оқуға, өнер-білімге, еңбекке, бірлікке шақырады. Қараңғы халықтың көзін ашып, алға ұмтылуға үндеген ақын. Сәбит Дөнентаев –қазақ әдебиетінің алтын қорына өзіндік үлес қосқан ақын.

1 С.Дөнентаев шығармашылығын дәуірлеу
1.1 С.Дөнентаевтың мысал жанрын дамытудағы еңбегі
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздың бірі – Сәбит Дөнентаев өз заманының зары мен мұңын ұққан ақын сатираны да серік етіп, мысал жанры арқылы халықты қанап отырғандардың сипатын ашып берген, осыны айта алған. ХХ ғасырдың басы – қазақ қоғамындағы түрлі әлеуметтік қайшылықтардың шоғырласқан дәуірі. Осы кезде өмір сүрген, бұқарашыл бағыттағы Сәбит Дөнентаев - өзіндік стиль, тіл ерекшелігімен көрініп қалыптасқан, жұртшылыққа танылған ақын.

1.2 С.Дөнентаев - поэзия шебері
Ұлт ақындары да бұл тақырыпты төл әдебиетінің шеңберінен тыс қалдырған жоқ. Әдебиетіміздің әлеуметтік-эстетикалық мәнін түсінген Сәбит бұл күрделі мәселеге бірнеше өлеңдерін арнайды. Ондай өлеңдерінен «Драмашыға», «Жалдама сандуғашқа», «Бақ құсына», «Бөпебайға», «Пролетариат жыршыларына!» деген сатираларын атауға болады. Ақынның қоғамдық өмірдегі ролін айрықша көрсетіп, поэзияға деген көзқарасын білдіреді. Поэзияның жоғары идеялы, көркем болуын талап етеді. Қысқасы, поэзияны қоғамдық құбылыс, өмір айнасы, күрес құралы деп қарайды. Сондықтан да ол бұл үлкен жанрдың мазмұндылығы мен көркемдігі үшін, әдеби тілдің өткірлігі мен анықтылығы үшін, мағыналығы мен тазалығы үшін күресе білді.

2 Сәбит өлеңдеріндегі сыншылдық реализм
2.1 Сәбит шығармаларындағы әлеумет теңсіздігі мен әйел теңдігі тақырыбының жырлануы
Сәбит Дөнентаев өзінің ақындық өнер жолында Абайдан, Тоқайдан мол үйреніп, солардың ықпал-әсерінен көп жазған. Абай, Тоқай арқылы орыс халқының классикалық әдебиетінен, Пушкин, Лермонтовтан, Крылов, Салтыков-Щедриннен оқып үйреніп, олардан да өнеге, үлгі алады. Олардың жаңашыл дәстүрін бойына сіңіреді[8].
Революцияға дейін Сәбит алғашқы ақындық қадамын орыстың реалистік дәстүрі мен Шығыстың классикалық әдебиетінен аударып үйренуден бастады. Аудару үйрену кезеңінде оның шығармаларынан мінез-құлық, адамгершілік идеясы елеулі орын алды. Қазақ өмірінен алып жазған алғашқы өлеңдерін («Жүрекке», «Ақыл», Атамыз бен өзіміз», Жан мен тән» т.б.) ол осы тақырыпқа арнайды. Бұл тақырыпты өлеңдері кейін кеңейе келіп, ақынның ағартушылық идеясымен ұштасады. Ақындық стилінің қалыптасу, творчестволық өсу, іздену жолындабұрынғы адамгершілік тақырыбынан енді ол сол кездегі қазақ халқының толғағы жеткен күрделі мәселесіне – саяси-әлеуметтік тақырыпқа көшеді.

2.2 Ақынның поэзия жанрын байытқан жаңалығы
Сәбит Дөнентаев – ақындық, жазушылық қызметі жағынан да, кісілік қайырымдылығы жағынан да ешкімді қайталамаған, ешкімге ұқсамаған қаламгер. Жерлесіміз, ақын, сыншы, мысалшы, публицист ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін көркемдеуге үлес қосқан, елінің қамын жеген Сәбит Дөнентаевтың осы таңға дейін белгілі де белгісіз жақтары, зерттелетін қатпарлары көп ақын.

ҚОРЫТЫНДЫ
Революцияға дейін де және совет дәуірінде де Сәбит қолданған поэзиялық жанрдың дені мысал мен сатиралық өлеңдер. Мысал мен сатира Сәбит поэзиясының ең негізгі жанры болып қалыптасқан.
Поэзияның негізгі саласының бірі – мысал жанры қазақ әдебиетінің тарихында жақсы қарқында дамыды. Мысал жазудың үлгілерін жазба әдебиеттің қайраткерлері Ы. Алтынсарин мен Абай бастайды.
Дегенмен, қазақ әдебиетінің өз шеңберінде Сәбиттің алатын орны бөлек. ХХ ғасырдың басында ұлы ұстаздары Ы. Алтынсарин мен Абайдың бастаған жолын дамытып, мысал-өлеңдерінің тамаша үлгілерін тудырған Сәбит Дөнентаев болды.