Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Ә. Кекілбаевтың шығармашылық әлемі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ә. КЕКІЛБАЕВ – ҰЛЫ СУРЕТКЕР 7
1.1 Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ҚАЗАҚ ӨМІРІНІҢ КӨРІНІСІ 7
1.2 Ә. КЕКІЛБАЕВ – РОМАН ШЕБЕРІ 12
1.3 Ә. КЕКІЛБАЕВ – ӨЛЕҢ ШЕБЕРІ 17
1.4 ӘБІШ - ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ БЕЛДІ ЖАНРЛАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫНДА ДА БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТ ІСТЕГЕН ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР 19
2 Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ 24
2.1 ЖАЗУШЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ» КОНЦЕПТІСІ 24
2.2 ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 31
2.3 Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 36
2.4 Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» РОМАНЫНДАҒЫ САНА АҒЫМЫ 40
2.5 Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КИНЕСИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ӨРІСІ 45
2.6 ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ» 50
2.7 Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ 53
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1 Ә. Кекілбаев – ұлы суреткер

1.1 Ә. Кекілбаев шығармашылығы – қазақ өмірінің көрінісі
Әр жылдың бетін айқындап, жүгін көтеретін тұлғалар болады. Кейде соған қарап «Абай жылы», «Әуезов жылы» деп атап жатамыз. Әзірше көзі тірі адамға жыл арнап көргеміз жоқ. Кеңес заманынан қалған дәстүрге ол кірмеген. Компартия көсемдері болмаса, басқа ұлыларымыздың өзі «көрнекті», «белгілі» деген анықтауыштармен шектеліп, қарапайым көппен бірге өмір кешті, сый-сияпат та шағындалып жасалды. Кішіпейілділік, әрине, жақсы. Заман қысып ұстап, сыннан көз ашпаған Мұхтар мен Сәбиттер де ешуақытта «мен» деп өзін алға тоспады, «ұлы жазушы» дегенді естімей кетті.

1.2 Ә. Кекілбаев – роман шебері
Әбіш романдарын сөз еткенде, алдымен «Үркер», «Елең-алаң» еске түседі. ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталған қазақ тарихына деген бетбұрыс ұлт тағдырын ойлаған қаламгерлердің ешқайсысын енжар қалдырған жоқ. Халқының өткені мен бүгінгісін барлай отырып, тарихтың ұзақ тартыстарында елдігін, ұлттық намысын сақтап қалған халықтың ерлік күресі көп шығармаларға арқау болғаны белгілі. Солардың ішінде Әбіштің аталған екі романы өз биігімен әдебиет тарихына кірді. Бұл романдарда Қазақ елінің жоңғар және басқа көрші халықтар шабуылынан ығыр болып орыс патшалығынан пана іздеуінің күрделі жағдайларын сөз етті. Қосылу процесін бастаған Кіші жүз рулары үшін де, олардың ханы Әбілқайыр үшін де бұл оп-оңай іске аса қалған дүние емес еді.

1.3 Ә. Кекілбаев – өлең шебері
Алғашқы өлеңдері 1962 жылы «Алтын шуақ» атты жинақ болып басылған. Жастық сезім билеген жастың заманының бейнесі - бұл. Дүниенің жарқын жағы ақынды қуантып, оның көкірегіне нұр құяды, шабытына шабыт қосады. Ол күн сайынғы жаңалыққа үміт артады. Айға ұшқан ұрпақтың сөзін сөйлеп, жер-анасына табынады. «Дүние ауасы жылынды» деп қуанады. Оның образдары да өмірдің осы жарқын суреттерінен алынады. Ол образдар бір-біріне тірек боп, дүниені жарқыратып тұрған тіршіліктің жарыспалы (параллелизмді) суреттерін құрайды. Қыз қызғалдақ терсін деп, күн оған нұр сепсе, Жер құлпыра берсін деп, адам ащы терін төгеді. Ақын, әсіресе, адам еңбегіне зор мән береді. Ол - кәрі жерді жасартып жүрген бағбан еңбегінен, адам қолының күшімен атқарылған тіршілік суреттерінен танылады.

1.4 Әбіш - ұлттық әдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер
Әбіш - ұлттық әдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. Поэзиялық, прозалық туындыларымен бірге сын жанрында да көп жазды. Бірақ драматургияға бара қойған жоқ еді. Алайда ол классикалық драматургияны жақсы білді, оның көп үлгілерін қазақ тіліне аударды. Оның аудармаларының ішінде В.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», «Король Лирі», «Кориоланы», Г.Ибсеннің «Үрейі», К.Гоццидің «Туранбике ханшайымы», М.Фриштің «Дон Жуанның думаны», Л.Дарконың «Сүйіктім менің, Электрасы», В.Буэроның «Бүгін мейрам, бүгін тойы», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түні» сияқты әртүрлі стильдік үлгілер болды. Осыларды аудару үстінде Әбіштің драма жанрының табиғаты мен құпиясын зерттеп білгені хақ. «Абылай хан» атты пьесаның тууына мұның себеп болғаны даусыз.

2 Ә.Кекілбаевтың тілдік тұлғасы

2.1 Жазушы дүниетанымындағы «қазақ» концептісі
Шығарма иесін тілдік тұлға ретінде тану үшін оған қойылатын біз пайымдаған бірнеше критерийлері болуы тиіс.
Біздің ойымызша, тұлға – интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кез-келген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін («тұлғаны» «жеке адам» ұғымымен шатастырмау керек) бере алмайды. Кез-келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Тұлғаға ең алдымен даралық қасиет тән. Яғни ол «өзгелер» деп атауға болатын жалпылама ортақ болмыстан ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен айқындалуы қажет.
Екіншіден, тұлға адамзатқа тән құндылықтарды тап басып тани білуі, сезініп қабылдай алуы тиіс. Және сол құндылықтар үддесінен өзі де көрініс беруі керек.

2.2 Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы метафоралардың қолданысы

Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.
Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің “жансыз” жүйесіне қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта түсті.

2.3 Ә. Кекілбаевтің «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы ішкі монологтың тілдік ерекшеліктері
Ә. Кекілбаев шығармашылығы жайында өзінің құнды пікірлерін айтып, әдебиеттегі орнын айқындауда өз үлесін қосқан сыни-зерттеу еңбектері баршылық. Соның бәрінде де қаламгердің өзіне тән шығармашылық ерекшеліктері дәлелді түрде сөз болады. Ғалым Р. Сыздық «Сөз құдіреті» деген кітабында М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Ш. Мұртаза шығармаларының поэтизмін талдайды. С. Ғұбайдуллиннің «Ә. Кекілбаев прзасының тілі» атты еңбегі тарихи романдардың тақырыбы, композициялық құрылымы, баяндау-суреттеу стилі жағынан түрлеіп келгені қазақ көркем сөзінің биікке көтерілгенін көрсетеді.

2.4 Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы сана ағымы
Сана ағымы-адамның ішкі жан дүниесіне талдау жасау. Сана ағымы қат-қабат тізбектеліп, бірін-бірі толықтыра келетін ойлар ағыны болады, яғни көркем туындыдағы көйіпкер ойына, ішкі дүниесінің арпалысына, санасындағы процестерге негізделінген шығармалар сана ағымында сомдалғаны даусыз.
Ә.Кекілбаевтың қазақ әдебиетіндегі психологиялық прозаны дамытуға қосқан үлесі мол. «Аңыздың ақыры» романында жазушы байсалды баяндау, философиялық, психологиялық терендікті өз творчествосына темірқазық етіп алған. Тарихи тақырыпқа барғанда кейінгі уақытта қалыптасқан үрдістен бойын аулақ салып, тарихи тұлғалардың көркемдік бейнесін кескіндеуде кейіпкердің моральдық болмысынан тұтастықты сақтап дамытады.

2.5 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы кинесикалық амалдардың мағыналық өрісі
Кинесика термині грек тілінен алғанда, kinësis – қозғалыс дегенді білдіреді. Ол - адамдардың қарым-қатынасында қолданылатын барлық дене қимылдарының жиынтығын (сөйлеу аппаратынан басқа) зерттейтін ғылым. Оған сөйлеу кезіндегі ым-ишарат, адамның бет құбылыстары (мимика), дене мүшелерінің қозғалыстары жатады. Сөйлеу тілінің нақты сипаттамасы лексика, грамматика, просодика салаларындағы ерекшеліктерді анықтаумен шектелмейді, өйткені тілдік қатынасты жүзеге асырудағы айтылмақ ойдың мағынасы көп жағдайда адамдардың қимыл-қозғалысына да байланысты болады.

2.6 Әбіш Кекілбаевтың «Өмір философиясы»
Ғалымды қашанда адам өмірі мен ғұмыр кешу, оның әлемдегі тіршілік ету тәсілі мен өзін-өзі айқындауы, өмір сүрудің жалпылама принциптері тәрізді мәселелер толғандырып келсе, ХІХ-ХХ ғасырлардағы экзистенциализм мен өмір философиясы ең басты мәселе - экзистенция, қалғандары келесі жоспардағы мәселелер деп ой түйген.
Ұлттық тұтас рухани кеңістік пен менталитет тұрғысынан ХХ-ХХІ ғасырдың ойшылы Әбіш Кекілбаев туындылары да осы мәселені үнемі қозғап, өздігінше байыпты идеялар ұсынған, адамзатты толғандыратын мәселелерге тиісінше жауап іздеген, ұлт болмысының тіршілік ету дәстүрлері тұрғысынан қазақ халқының экзистенциалистік ойтолғамдарын дәйектеген болса, ол - дүниетаным сабақтастығының анық айғағы.

2.7 Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша лингвомәдени бірліктерді зерттеу аспектілері
Қазіргі таңда лингвистикалық зерттеулерде адам проблемасы басты назарға алынып, адамның тілдегі бейнесі ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл мәселе лингвомәдениеттану, психолингвистика, этнолингвистика, когнитивті лингвистикада, прагмалингвистикада сөз болып, аталған салалар соңғы жылдары қарқынды дамып келеді.
Бұл - «тілді өз ішінде өзі үшін» зерттеуден экстралингвистикалық факторлар аясында зерттеуге сүйенетін сыртқы лингвистиканың салаларымен байланысты бағыттар. Әсіресе тілді адамның өмір сүруінің тетігі, оның іс-тәжірибесін вербалды түрде жеткізудің құралы, адамдардың бірлескен қызметі үстінде өзара қарым-қатынасты орнататын қызметті ұйымдастыратын құрал ретінде қарау бағыты маңызды болып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені, Кекілбаевтың өзі бір әлем.
Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – роман, көсілсе көсемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындыларының көрінісі көркемдігімен, кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиғасы тарихи деректілігімен қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады. Ә. Кекілбаевтың қоғамдағы феномені – оның толассыз ізденгіштігі мен зерттеушілігі, сол қазынасын жиылған жүк құсатып тең-тең етіп қоймай, түйдек-түйдегімен оқушысына, еліне, жұртына тасқындатып төгіп жатуында. Сондықтан да әдебиет сүйер қауым Ә. Кекілбаев не жазды екен деп күтіп жүреді, шыққан дүниесін іздеп тауып, оқып жүреді. Асқар Сүлейменов өзінің бір мақаласында былай деп жазыпты: “Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен ұғымтал көкірекпен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді”. (Ә.Кекілбайұлы, 1-том, 387-бет).