А.Байтұрсынов және қазақ теориясы
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің негізін қалаушы 7
1.1 А.Байтұрсынов – қазақ жазуының авторы 7
1.2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері 15
2 Ахмет Байтұрсынов және қазақ теориясы 23
2.1 «Әліп-би үйретудің әдістері» 23
2.2 Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын қазақ теориясы 33
2.3 Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың реформатары 36
3 Ахмет Байтұрсынов ана тілін оқыту мәселесі жөнінде 50
3.1 А. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері 50
3.2 Ахмет Байтүрсынүлы және қазак фольклоры теориясы 60
Қорытынды 72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 74
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресей өкіметі жаңа реформалар жасап, қоныстану саясатын іске асырды. Қазақ елін билеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, ұлттық сана мен салттың жолы кесіліп, отаршылдық орыстандыру саясаты белең алды. Осындай қыспаққа түскен кезеңде халықтың тілін, дінін сақтау үшін қазақ топырағында әр түрлі ағым, құбылыстар қалыптасты.
Сондай әлеуметтік астары бар құбылыстардың бірі – ағартушылық идеясы, оның халықтық сипат алуы болды. Сол идеяны жүзеге асырудағы іс-әрекеттердің, жүзеге асырушылардың рөлі мен орнын айтпауға болмайды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ескі мен жаңаның қарбалас кезеңінде білімі мен күш-қайратын бала оқытуға жұмсаған ғалымдардың арасындағы ерекше тұлға Ахмет Байтұрсынов еді.
1 Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
1.1 А.Байтұрсынов – қазақ жазуының авторы
Қай елдің тарихында да халыққа сіңірген еңбегі мен көрсеткен қызметі көп жылдар өткен соң барып бағаланатын, танылатын тарихи тұлғалар болады. Сондай алып тұлға – Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсыновтың атын естімеген адам жоқ шығар.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысы Торғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. 1891 жылы Ахаң Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде дәріс алады. Кейін Орынборға барып, мұғалімдер мектебінде оқыды, оны 1895 жылы бітіреді. Осы оқуымен-ақ қоғамдық қызмет пен ғылымда ұшаң-теңіз білім жиған, өзінің талмас ізденіс, еңбегімен халқының жүрегінен орын алды.
1.2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсынұлына өзі көшбасшы болған қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі түркологиялық әлемде атақ-абырой әперген «Тіл – құрал» атты кітабы болды.
«Тіл – құралы» оқулығы «Сөз басы», «Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар және олардың таңбалануы», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Жұрнақтар» /19 түрі көрсетілді/, «Атауыш сөздер» /зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік/, «Шылау сөздер», «Үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз, қорыту, тасымал» бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берген, мысалдар келтірілген, «Сынау» деген айдармен түрлі жаттығу тапсырмалар ұсынылады. Берілетін анықтамалар өте ұғыныңқы, мәселен, зат есімге арналған тұжырымға назар аударайық:
2 Ахмет Байтұрсынов және қазақ теориясы
2.1 «Әліп-би үйретудің әдістері»
Әліп-би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Бүтін Жаурыпа әдісқойларының тұтынған әдістерін түгендемек түгіл, жалғыз орыстың ғанаәдісқойларын алып сөз қылар болсақ, оның өзі әлденеше сан журнал бетін аларлық сөз болар еді, сөз созылып ұзаруынан қашып, орыс әдісқойларының бірін де өткен сандарда сөз қылмай өтіп кеттік.
Бұған дейін сөз болған әліп үйрету жүзіндегі әдістердің негізгі түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ, оған ешкім мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып, тура жауап бере алмайды.
2.2 Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын қазақ теориясы
Тіл – құрал. Құрал бодғанда толып жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын толып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал.
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір – біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес болып барып, тәжірибе арқылы таниды.
2.3 Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың реформатары
Ахмет Байтүрсынов (1873-1938) — мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі, «Қазақ» газетінің (1913-1917) үйымдастырушысы әрі редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің қүрбаны..
Қоғам қайраткері Ахмет Байтүрсынов — Алаш қоғамы жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің дербес мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи түлға.1919 жылы Алаш басшы-лығының келісімімен Ахмет Байтүрсынов Қазақ революциялық комитетіне мүше больш тағайындалды, яғни, Кеңес өкімегі кезіңце де жоғары лауазымды ресми қызметтер атқарды: Қазақстан Ха-лық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби Комиссия-ның төрағасы, халық оқу-ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орта-лық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комиссариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры бодды.
3 Ахмет Байтұрсынов ана тілін оқыту мәселесі жөнінде
3.1 А. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері
Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын /әріптерді/ түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен /«Оқу құралымен»/ қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін факт – 1920 жылы Қазанда шыққан «Баяншының» басылымында аытор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Демек «Баяншы» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Өйткені оның бала оқытқан кезі - 1895-1909 жылдар болатын. Бұл – көлем іжағынан өте шағын /не бары 15 беттік кітапша/, бірақ нағыз методикалық құрал. Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын Ахмет Байтұрсынов «Әліп-би астары» атты еңбегінде көрсетеді.
3.2 Ахмет Байтүрсынүлы және қазак фольклоры теориясы
А.Байтүрсьшүлынық фольклор тсориясын сез еткен еңбеіі "Әдебиет танытқыштың" "Ауыз әдебиеті" бөлімінде карастырылған. Бүл еңбек 1926 жылы Ташкент-Қызылордада басыльш шыққан. Ол фольклордың белгілі түйінді мөселелерін арнайы зерттеген еңбек емес, оку-ағарту ісінің зәру мәселесі — окулық жазу мақсатынан туындаған зерттеу больш табылады.
Ғылыми қүндылығы терен "Әдебиет танытқыш" кітабы Ташкент, Орынбор, Қызылорда секілді Қазақстанның астанасы болған қалаларда ашыла бастаған жоғары оку орындарына оқулык ретінде жазылған.
Қорытынды
Аса көрнекті ағартушы, өткендегі саяси және мәдени тарихымыздың ірі тұлғасы, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымның негізін салған ғұлама ғалым, дарынды ақын, шебер аудармашы Ахмет Байтұрсынов – артына өшпес із, қадірі кемімес мұра қалдырған адам. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ бас кезіндегі қазақ өмірінің қай саласында да Ахаңның атымен байланыспаған біоде-бір мәселе жоқ дерлік.