Қазақтың батырлық жырларының ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ – батырымен мақтанған халық 7
1.1 Қазақ эпикалық туындыларының зерттелуі мен дамуы 7
1.2 «Алпамыс батыр» жырының зерттелуі 12
1.3 Батырлар жырының ортақ тұстары 16
1.4 Батырлар жырына тән белгілер 20
1.5 Қазақ батырларының ұлттық тұлғасы 23
1.6 Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны 28
1.7 Батырлық жырлардың суреттелу ерекшелігі 33
2 Батырлар жырының тілдік-стилистикалық сипаты және оны оқытудың тиімді тәсілі 38
2.1 Қазақ батырларының наным-сенімдері мен моральдық этикасы 38
2.2 Діни наным-сенімге қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты («Қобыланды батыр» жыры бойынша) 41
2.3 Қаhармандық эпостардағы эпитет пен теңеудің ерекшелігі 44
2.4 Батырлар жырындағы дыбыстар үндестігі 50
2.5 «Алпамыс батыр» жырын оқыту арқылы тәрбие жұмыстарының құзыреттілігін арттыру 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Күні кешеге дейін кез-келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды, бірақ та құндылықтар шкаласында құрметті орын матери игіліктерге тек соңғы кезде ғана тие бастады.
1 Қазақ – батырымен мақтанған халық
1.1 Қазақ эпикалық туындыларының зерттелуі мен дамуы
Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын-қыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді, үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті”. [1, 46].
1.2 «Алпамыс батыр» жырының зерттелуі
Батырлар жыры - қазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
1.3 Батырлар жырының ортақ тұстары
Аталған атаудағы мәселені негізінен Алпамыс пен Қобыланды батырдың ортақ тұстарын іздеу арқылы жүргізейін. Бір қарағанда ондай көп қиындығы жоқ сияқты: екеуі де батыр, жау да баяғы – қалмақ, аттары – арғымақ, әйелдері де әйбат, тағысын-тағы. …Бір нәрсе, бір болғанда да ірі нәрсе жетіспейтінін өзіңіз де байқап тұрсыз. Әңгімені сәл әріден бастайық: екі эпоста да ішінде «осы қалайы жоқ» қазақ пен қалмақтың батырлары өріп жүр. Бірақ жыр «қолындағы қылышы отыз батпан алмас, қаһарланып сілтесе тау болса да қалмас» Таймас батырдың не «Айдынды Орақ, айлы Орақ, айбалтасы қанды Орақтың» есімімен аталмады.
1.4 Батырлар жырына тән белгілер
Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын, Алпамыс, Сайын тәрізді батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты. Ондай оқиғалар – ХҮІ ғасырларда Қазан хандығының құлдырауы («Қобыланды жыры»), ХҮ-ХҮІ ғасырларда Қырым хандығында рулық соғыстар («Ер Тарғын» жыры), қазақтар мен ноғайлының ХҮІ ғасырда бірлесіп жасаған жорықтары («Ер Сайын», «Алпамыс» жырлары), қазақтар мен өзбектердің жорығы («Қамбар» жыры).
1.5 Қазақ батырларының ұлттық тұлғасы
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен?
Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
1.6 Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны
Осылардың ішінен Шапырашты Наурызбай батыр туралы көркем әдебиет үлгілерінің өзі бір төбе. Айталық, Наурызбай батырға, оның жаужүрек ерлігіне шығармалар арнаған жыраулар: Бұхар жырау Қалқаманұлының, Үмбетей Тілеуұлының толғаулары, Шәді төре Жәңгірұлының “Тарихат” дастаны, Шапырашты Қазыбек бектің “Түп-тұқианнан өзіме шейін” атты әдеби-тарихи еңбегі т.б. туындылар, жиылып келгенде Абылай ханның арқа сүйеген, қиналғанда қолтығынан демеген, қайраттанғанда дұшпанына жасын болып шүйілген, елін, жерін жаудан сақтаған – хас батыр Шапырашты Наурызбайдың тарихи тұлғасын әр қырынан танытқандығымен құнды болды.
1.7 Батырлық жырлардың суреттелу ерекшелігі
Эпостық жырлардағы бір ерекшелік – олар күйкі тірлік, күншілдік, пендешіліктен ада. Кейіпкерлері шетінен ірі сөйлеп, кесек турайды.
Қазақ батырлық жырларын шыққан заманына және тарихи кезеңіне қарай төрт дәуірге бөлуге болады дей келе, ғалым Е.Ысмайылов “Қобыланды” жырын ХІV-ХVІ ғасырлардағы ноғайлы заманының батырлар жырына қосады. Қайғысы мен қасіреті мол, шытырман оқиғалы ноғайлы заманынан қалған жыр аз емес. Халық тарихындағы осы бір аса ауыр кезең жырларда, күйлерде анық сақталып қалған.
2 Батырлар жырының тілдік-стилистикалық сипаты және оны оқытудың тиімді тәсілі
2.1 Қазақ батырларының наным-сенімдері мен моральдық этикасы
Қазақтың этноргафиялық суреттерінде кескінделген адам (батыр) бейнесі негізінен өте қарапайым түрде, яғни бет әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірінде тік бұрыштармен; өте сирек көріністерде: кеудесі - қазақтың антропоморвты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы - қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып берілген. Бет-әлпеті өңсіз, бос болып келетін сурттердің басында конус іспетті «қаптама» булыға, күн немесе т.б. культті бейнелер болуы мүмкін.
2.2 Діни наным-сенімге қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты («Қобыланды батыр» жыры бойынша)
Тілдің шежірелік қыры мен танымдық қызметі туралы академик
Ә.Қайдар: «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде оның басынан өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде ғана сақталады» [15, 21], – дейді. Халықтың діні, наным-сенімдегі көзқарастары әр этностың жүріп өткен тарихына, бүгінгі күндегі рухани-мәдени, саяси өміріне зор ықпалын тигізеді.
2.3 Қаhармандық эпостардағы эпитет пен теңеудің ерекшелігі
Қазақтың батырлық жырларының зерттелу тарихына мән беріп, мұқият қарағанымызда көптеген ғалымдардың назар аударған мәселелері жырдағы сөз көркемдігі екен. Соның бір саласын эпикалық шығармадағы эпитеттер құрайды. Батырлық жырларға қатысты сөз қозғаған А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов еңбектерінде эпитетке қатысты пікірлер айтылған. Батырлық жырларға кеңірек орын берілген «Қазақ әдебиеті тарихы» және белгілі ғалымдар Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Т. Сыдықов, Е. Ысмайылов, Ә. Қоңыратбаев т.б. зерттеулерінде эпитеттер Мен теңеулерге байланысты тұжырымдар орын алған. Алайда батырлық жырлардағы тіл өрнегі тереңірек үңілген поэтикаға қатысты зерттеулер екендігіне талас жоқ.
2.4 Батырлар жырындағы дыбыстар үндестігі
Жырдағы дыбыстық қайталау, дыбыс үндестігінің жүйесін эпостанушы ғалымдардың көпшілігі жекелей бейнелі сөздер ретінде ғана қарап, оның басты ерекшелігі сөз бен әуеннің органикалық байланысына қатыстылығын ескерусіз қалдырған. Кезінде осы бір мәселені ғұлама ғалым М.О.Әуезов өте орынды көтерген. Қазақ эпосындағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары ақын-жыраулардың түсіне кірген ассоциациясы емес, өмір шындығьнан алынған.
2.5 «Алпамыс батыр» жырын оқыту арқылы тәрбие жұмыстарының құзыреттілігін арттыру
«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі туралы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» [3, 169].
ҚОРЫТЫНДЫ
Батырлық жырлар, батырлар жыры – ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді.