Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасының бюджет саясаты


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде 8
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні 8
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 11
1.3 Бюджет түсімдерін болжамдау 17
2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 24
2.1 Бюджет жүйесінің маңызы 24
2.2 Қазақстан Республикасының салық саясаты 31
2.3 Қазақстан Республикасының 2009 жылдың бюджеттік көрсеткіштері 37
3 Қазақстан Республикасының бюджет саясатының даму бағыттары 49
3.1 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспары 49
3.2 Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 53
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 63

Кіріспе
Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.

1 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі — бөліп тұратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді.
Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекегтік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талкылау өте маңызды.

1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

1.3 Бюджет түсімдерін болжамдау
Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
2.1 Бюджет жүйесінің маңызы
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесін мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылым унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан мемлекеті – федеративті емес, басқарудың Президенттік нысаналы және сайланатын Парлдаменті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:

2.2 Қазақстан Республикасының салық саясаты
Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті телемдер женіндегі» ҚР Заңымен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмүнын солардың негізіндегі салықтар қүрайды. Олар кірістердің материалдық көзі - Ұлттық табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды.
Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ерекше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
ҚР-ның Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің құрамына келесі салықтар кіреді:

2.3 Қазақстан Республикасының 2009 жылдың бюджеттік көрсеткіштері
2009 жылғы қарыздардың түсуін есепке алмағанда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 2 578,0 млрд. теңгені құрады және есепті кезеңге арналған жоспардың 94,9%-ына атқарылды, қарыздарды өтеуді есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2 817,1 млрд. теңгені құрады немесе есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жоспардың 91,8%-ына атқарылды. 352,8 млрд. теңге сомасында жоспарланған тапшылық кезінде іс жүзіндегі тапшылық 240,2 млрд. теңге сомасында қалыптасты.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 94,9%-ға атқарылды немесе 2 575,5 млрд. теңге түсті, оның ішінде салықтық түсімдер негізінен қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы есебінен 103,0%-ға атқарылды.

3 Қазақстан Республикасының бюджет саясатының даму бағыттары
3.1 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспары
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2009 жылғы 4 қыркүйекте енгізілді.
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

3.2 Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспардың миссиясы - тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.
Пайымдауы - облыстағы мемлекеттік саясаттың іске асуын қамтамасыз ететін қаржыны және коммуналдық меншікті басқаруды тиімді қызмет ететін жүйесі.
«Облыс бюджетінің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету», «Қызмет сапасын және оған қол жеткізуді арттыру» стратегиялық бағыттары бойынша Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму және фиcкалды саясатының бекітілген орташа мерзімді жоспарына сәйкес шығыс тиімділігін арттыру есебінен аймақтың қаржы мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен облыстың экономикалық өсуіне жәрдемдесу қажет.

Қорытынды
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Мемлекеттік бюджет арқылы (көмегімен) тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Жалпы бюджет арқылы елдің экономикасын, әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға болады. Бюджетті реттеуге бюджет жүйесін пайдаланылады.