Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Ж. Аймауытов - аудармашы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ж.Аймауытов шығармаларының тақырыптық жүйесі 5
1.1 Жазушы шығармаларындағы ойшылдық сарын 5
1.2 Жүсіпбек аударма шебері 11
2 Ж. Аймауытов поэзиясының философиялық тереңдігі 19
2.1 Әлеуметтік-саяси мәселелер жайындағы мақалалары 19
2.2 Ж.Аймауытовтың бүркеншек есімдері 22
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

1 Ж.Аймауытов шығармаларының тақырыптық жүйесі
1.1 Жазушы шығармаларындағы ойшылдық сарын

Жүсіпбек Аймауытов аса көрнекті қазақ жазушысы. 1907-1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед.техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған. Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. «Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеуметтік революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді [1].

1.2 Жүсіпбек аударма шебері
Жүсіпбек - әдебиеттің барлық саласына қалам тартып, өнімді еңбек етіп, өзіндік із тастап кеткен талантты жазушы. Соның ішінде Жүсіпбектің шығармашылық мұрасының ең бір көрнекті жағы, сан-салалы талантының тағы да бір қыры оның аудармашылық өнерінен танылады. Өмір мен өнерге деген құштарлық, оқу мен білімге ұмтылыс, ерекше зеректік, танып білуге деген құлшынысы бала кезінен ұшқындап есейіп, ер жеткенде үлкен жалынға айналды.
Әрине, Жүсіпбектің рухани әлемінің байып, жан-жақты қалыптасуына оның қоршаған ортасы мен жанұясы ықпал етті. Он бес жасқа толғанда бала оқытып жүрген Жүсіпбекке ескіше алған мол білім шығыс әдебиетінің көне үлгілерімен, діни дүниелерімен еркін танысуға үлкен мүмкіндік берді. Әйтсе де мұнымен шектеліп қалуға болмайтынын жете түсініп, орысша білім алуға талпынуы жігерлі жалын атқан жанның рухани әлемге барар жолы еді. Осы жолда жас талап талай қиындықтарға төтеп беріп, өзінің зеректігінің арқасында орысша хат танып, өз бетінше көп ізденеді, соның нәтижесінде кәдімгідей еркін аударма жасау дәрежесіне жетеді.

2 Ж. Аймауытов поэзиясының философиялық тереңдігі
2.1 Әлеуметтік-саяси мәселелер жайындағы мақалалары
Публицист болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік таудай талабы мен тастай тәртібі бар. «Жүк ауырын нар көтереді» дегендей, бұл сала маманына аса үлкен жауапкершілік жүктелетіні айдан анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жаза білу, өткір сыншы, саяси сауатты әрі не нәрсеге қырағы, шапшаң болу публицистің басты қасиеті болу керек. Әрине, аталған сыннан Жүсіпбек Аймауытов сүрінбей өте білді. Әзірге жинаққа енген қырық бес мақаласына көз жүгіртіп өткен жан оның сөз саптау шеберлігі мен жалынды жігеріне сүйсінері хақ. Ендеше, сөз тізгінін солай қарай бұралық.
Жүсіпбек Аймауытов мақалаларында әртүрлі көкейкесті мәселелерді көтере білген. Өз заманының жаршысы болған публицист қоғамдық, әлеуметтік, ағарту мәселелеріне баса назар аударған. Мысалы, оқу-ағарту мәселесі сол кездегі өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, Жүсіпбектің бұл жайында дабыл қаққан мақалалары өз алдына бір төбе деуге болады. Атап айтсақ, «Мектеп қандай болу керек?» атты мақаласында уақыттың алға тартқан талабын, сұранысының шама-шарқын түйіндей келіп автор өзінше қорытынды жасайды. Яғни сол кездегі мұғалімдердің білім дәрежесі мен халық жағдайын ескере отырып белгілі бір уақыт мерзіміндегі оқу жүйесін ұсынады. Осы орайда, «Ел мектептері қандай болу керек екені туралы 2-3 жылдан бері сөз қозғалып, баспасөз бетінде жазылып келеді; түрлі жобалар ұсынылып келеді»[6,237] деуі Жүсіпбектің өз алдына ақыл айтып білгірсімей, көптің пікірімен санаса білетіндігін көрсетеді.

2.2 Ж.Аймауытовтың бүркеншек есімдері
Бүгінде туған әдебиетімізге қайта оралып табысқан сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов кезінде өзінің біраз шығармасын баспасөзде әдеби бүркеншек есімдермен жариялаған. Төменде жазушының біреулер, біреулер біле бермейтін осындай есімдеріне қысқаша тоқталып өтпекпіз.
Жазушының алғашқы бүркеншек есімі – «Қызылтаулық»... Қызылтау – жазушының туған жері, атамекені.

Қорытынды
Сонымен, публицистика - белгілі бір уақыт пен кеңістікті қамтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қаңдай қоғамдық-саяси ахуал болғандығын, халық жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруашылық бағыттарын сол уақыттан қалған ауызекі мұралар арқылы және баспасөз бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Уақыт үні Жүсіпбек Аймауытов еңбектері бойында да орын тепті. Жүсіпбек Аймауытовтың публицистикасындағы кемелді ісі ұлттық баспасөздің жетілдіруде қосқан үлесімен өлшенеді. Оның публицистік мұраларындағы жаңашыл ізденістері, ұлттық ой-толғам, терең көзқарас, әлемдік байланыс нышандары өз алдына ашқан жаңалықтарына дәлел боларлықтай жайттар. Ол заманның заңғар мәселесін көтеру жолында сыншылдық, насихатшылдығымен, тереңдігімен, журналистік мықты қабілетімен және ереуліге қарулы көзқарасымен танылды.