ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Жоспар
Кіріспе 3
1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу 5
1.1 ҚР қаржы министрілігінің сипаттамасы 5
1.1.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы 5
1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары 12
1.1.3 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері 14
1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 29
1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 30
1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 30
1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 31
1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 32
1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 34
1.5 Концептуалды схема 37
Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.
1 ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының ақпаратты қорғау бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
1.1 ҚР қаржы министрілігінің сипаттамасы
1.1.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес құрылды және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қайта атауы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылғы 9 шілдедегі № 951 қаулысына сәйкес қайта аталды.
Кәсіпорынға қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығының функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) орындайды.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Мемлекеттік басқару органы) болып табылады.
1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты қаржы саласында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету болып табылады.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін орындайды:
1.1.3 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері
Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.
Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің ақпаратты қорғау бөлімінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1.5 Концептуалды схема
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер - бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементтерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жүйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.