Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар


Жоспар
1. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі 3
2. Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі 7
3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері 10
4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы 18
Әдебиеттер 26

1. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қаржылар ұғымы, қаржы қатынастары жүйесіндегі олардың орны мен рөлі
Мемлекеттік қаржылар мен олардың буындарының құрамы.
Мемлекет өзінің функцияларын орындай отырып, экономиканы басқаруда экономикалық құрал (инструмент) болып табылатын «қаржы» категорияларымен тығыз жанасатын болады. «Қаржы» және «мемлекеттік қаржылар» ұғымының аражігі ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылар мемлекеттік сектордағы алуантүрлі өндірістік және әлеуметтік қатынастарды қамтиды.
Олардың қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастарын білдіруі, мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні болып табылады. Қайта бөлінген құн, мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және алынған қаражатты мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын орындау үшін пайдаланылады. Мемлекеттік қаржыларда мемлекет функциялары: ресурстарды қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, кірістер мен байлықты қайта бөлу неғұрлым кең түрде көрінеді.

Мемлекет кез келген нарықтық жағдайлар кезінде Вагнер заңына сәйкес экономикалық процестерді реттеуді жүзеге асырады, өйткені қоғамның экономикалық өмірінің күрделене түсуі, өндірістегі жаңа технологиялар мен техниканың дамуы, әлеуметтік негіздердің дамуы, мемлекеттілікті сақтау қаржы ресурстарымен тұрақты түрде қамтамасыз етілуі тиіс.
Мемлекеттік қаржылар құрамында мынадай буындар берілген:

2. Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік кірістердің жіктеуі
Мемлекеттік кірістер аса маңызды қаржы категорияларының бірі болып саналады. Кірістер, мемлекеттік қаржы саясаты негізінде қаржы тетігінің көмегімен жүзеге асырылатын бөлу және қайта бөлу принциптері нәтижесінде қалыптасады.
Оның жұмыс істеуіне материалдық база жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін қаражаттар жиынтығы пайда болатын процестегі экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі. Ұлттық табысты бөлу нәтижесінде мемлекеттің, жекелеген кәсіпорындардың шаруашылық ұйымдары мен халықтың бастапқы кірістері пайда болады.

3. Мемлекеттік шығыстар ұғымы, оларды ұйымдастыру принциптері
Мемлекеттік шығыстар мемлекеттік қызметті, мемлекет функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Олар халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейін айқындайтын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Мемлекеттік шығыстардың жұмыс істеуі – бұл ақша қорларын қайта бөлудің үздіксіз процесі және нысаналы бағытта жаңа қорлар құру (жасау).

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, өндірістік және өндірістік емес аялардағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің шығыстары мемлекеттік шығыстардың құрамына кіреді.
Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

Мемлекеттік сектор кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

Материалдық өндіріс пен ұлттық табыс жасау процесіне олардың қатынасы мемлекеттік шығыстарды шектеудің маңызды өлшемі болып саналады. Осымен байланысты экономикалық мазмұны бойынша шығыстар төмендегідей үш негізгі топқа бөлінеді:

4. Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы
Мемлекеттік шығыстардың жекелеген түрлері экономикалық мазмұны мен маңызы бойынша бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландыру көздеріндегі, формаларындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осы айтылғандармен байланысты болады.
Материалдық өндіріс пен ұлттық табыс жасау процесіне олардың қатынасы мемлекеттік шығыстарды шектеудің аса маңызды өлшемі болып саналады. Осымен байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны бойынша төмендегідей үш негізгі топқа бөлінеді:

Мемлекеттік шығыстар, қаражаттарды барынша тиімді пайдалану жағдайында мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Осымен байланысты, шаруашылық жүргізу ерекшеліктерімен айқындалатын мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың төмендегідей екі әдісі қолданылады: