Қылмыс құрамы саралаудың заңды негізі
Мазмұны
Кіріспе 3
Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы 8
1.1 Қылмысты саралаудың түсінігі 8
1.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі 17
ІІ-тарау. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау 30
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі 30
2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау 36
2.3 Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау 42
2.4 Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы 52
ІІІ – тарау . Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты - құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау 61
3.1 Қылмысқа қатысушылық түсінігі 61
3.2 Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау 68
Қорытынды 73
Сілтемелер 75
Пайдаланылған әдебиеттер 77
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер қояды:
1) Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау
2) Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау.
3) Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.
Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық.
Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
1.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық - құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.
Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұл таратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады.
1.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері). Медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқылық норма және жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады. Аталған біріктіру осы құбылыстар үшін ортақ болып табылатын белгілерді табу жолымен жүзеге асырылады.
ІІ-тарау. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі
Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады.
Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.
Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық - еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.
Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс - тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.
Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.
2.3 Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау
Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.
2.4 Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы
Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.
Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады.
ІІІ – тарау . Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты - құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау
3.1 Қылмысқа қатысушылық түсінігі
Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді.
Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі – қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төм ендегіден тұрады.
Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады.
3.2 Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау
Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді.
Қорытынды
Біз «Қылмыс құрамы саралаудың заңды негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық-құқылық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас.
Сілтемелер
1 Куринов Б.А. Научные основы кваликфикаций преступлений. МГУ, 1976, 4 б.
2 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 3-4. б.
3 Сергиевский В., Рахметов С. Квалифакация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999, 8 б.
4 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 6. б
5 Куринов Б.А. Научные основы квалификаций. МГУ. 1976, 12. б.
6 Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999. 9. б.
7 Сергиевский В., Рахметов С. Аталған еңбек. 10 б
8 Уголовное право. Особенная часть: Учебник (Под ред. д. ю н. Проф. Н. И. Ветрова и д. ю н. Проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист,) 1998. 22 б
9 Кудрявцев В.Н. Аталған еңбек 16 б
10 Сериевский В., Рахметов С. Аталған еңбек 13 б.
Пайдаланылған әдебиеттер
І Нормативті-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы «Жеті жарғы», 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС «Баспа», 2000 – 176 бет.
3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы» 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы» 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).