Жаратылыстану мен мәдениет
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Жаратылыстану ғылымы туралы түсінік 5
2 Мәдениет туралы түсінік 9
3. Мәдениет пен жаратылыстану ғылымы арасындағы өзара байланыс 12
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде – шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно-және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.
1. Жаратылыстану ғылымы туралы түсінік
Америкалық және ағылшын классификациясында психоәлеуметтік ортаны жаратылыстану ғылымдық (гуманитарлық) ғылымдардың объектісі деп санап, оны “fіctіon” тарауына жатқызады. Бұл жерде “fіctіon” сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1. Беллетристика, 2. Ойдан шығарылған зат немесе құбылыс, фикция. Бұл ғылымды оны жаратылыстану және техникалық ғылымдарға қарама - қарсы қояды. Осымен қатар жоғарыда көрсетілген классификацияда жаратылыстану және техникалық ғылымдар “scіense” тарауына жатқызылған. Бұл жерде де “scіense” сөзінің: 1) ғылым; 2) жаратылыстану ғылымдары және 3) білім секілді әртүрлі мағыналарының бар екендігін көрсеткеніміз абзал.
Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т.б. келтіруге әбден болады.
Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, жаратылыстану ғылымының мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
1) мәдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық әдістің бірі;
3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі).
2 Мәдениет туралы түсінік
Көне заманда “культура” сөзі “жерді өңдеу” деген мағынада қолданылған. Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” ұғымымен барабар пайдаланылды. Көне Грекияда ерте заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелейтін сирек кездесетін білім беру жүйесі болғаны белгілі. “Адамзаттық” қасиеттерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыратындықтан, мұнда жастарды қоғамдық өмірге дайындауға басымдылық берілген. Бұл бағыттағы мәдени білімнің мақсаты адамның ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеттері мен эстетикалық сезімдерін дамыту болды. Әлемнің түрлі елдерінің қоғамдық даму жүйесінде бұл идеялар сан түрлі бағытта өрістей бастады. Мәселен, уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде “культура” сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие болды [5,22 б.].
3. Мәдениет пен жаратылыстану ғылымы арасындағы өзара байланыс
XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.
Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. Бердяев былай деп жазды: “Философия, өнер, рухани мәдениет саласында теориялар өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарының адамдарын ініндей еді”, - дейді.
Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы жаратылыстану ғылымы өмірінің түрлі салаларына байланысты жие пайданылады сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс қайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.
Қорытынды
Сонымен, жаратылыстану ғылымы мен мәдениет өзара тікелей байланысты. Жаратылыстану ғылымының даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет жаратылыстану ғылымы жағдайына тәуелді. Кейде мәдениетті жаратылыстану ғылымының белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде – сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар.
Мәдениеттану өзін, адамдардың ерекше өмір сүру тәсілі тұрғысында мәдени-мұрагерлік жағдаят ретінде де ашады. Оның пәні мен мақсаты – мәдениеттің шығу тегі, міндетті ісі, дамуы яғни, мәдениет «генетикасын» жасау, тарихи-мәдени барысын түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар олар-ды болжау, ал болашақта оларды басқару жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Т.Х.Fабитов,Ж.М.Мүтәліпов,А.Т.Күлсариева. Мәдениеттану. Алматы 2001жж.
2. Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану негiздерi. Алматы. 2000.
3. Б.С.Ерасов. Социальная культурология. Москва. 1996.
4. Культурология. Под. ред. Г.В.Драча. 1995.
5. Культурология. П.С.Гуревич. Москва. 1998.
6. Соц. культурология. Б.С.Ерасов. Москва. 1996.
7. Культурология. Под. ред. А.А.Радугина. Москва.1997.
8. Культурология. А.И.Пигалев. Волгоград. 1999.
9. Культурология. А.Я.Флиер. Москва. 2001.
10. Культурология. А.Кармин. Москва. 2006.
11. Культурология. Д.А.Силичев. Москва. 2003.
12. Основы культурологии. С.П.Мамонтов. Москва. 2005.
13. Теория культуры. А.И.Шендрик. Москва. 2004.