Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорын құнын бағалау технологиясы.


Жоспар
1 Кәсіпорын құнын бағалау технологиясы 3
1.1 Мәселені анықтау 3
1.1.1 Кәсіпорын идентификациясы 3
1.1.2 Бағалау объектісін анықтау 4
1.1.3 Бағалау күнін анықтау 5
1.1.4 Бағалаудың мақсаттары мен қызметтерін қалыптастыру 6
1.1.5 Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы 6
1.2 Кәсіпорынды алдын ала қарау және бағалауға келісімге келу 9
1.2.1 Кәсіпорынды алдын ала қарау және оның әкімшілігімен танысу 9
1.2.2 Бастапқы ақпараттың және оның қайнар көзін анықтау 9
1.2.3 Бағалаушы - эксперттер тобының құрамын анықтау 10
1.2.4 Бағалаудың тапсырмасын және календарлық жоспар құру 11
1.2.4 Бағалауға келісімді дайындау мен қол қою 12
1.2.5 Бағалаушы эксперттің көрсеткен қызметтеріне төлеу 12
1.2.6 Деректерді жинау мен талдау 13
1.2.7 Жалпы деректерді жинау мен жүйелендіру 13
1.2.8 Арнайы деректерді жинау мен талдау 15
Әдебиеттер 18

1 Кәсіпорын құнын бағалау технологиясы
Кәсіпорын құнын бағалау үрдісі бұл бірнеше этаптардан тұратын күрделі үрдіс. Кәсіпорынның бүкіл бағалау үрдісін 8 негізгі бөліктерге бөліп қарастыруға болады:
1. Мәселелерді анықтау.
2. Кәсіпорынның мұқият тексерілуі және бағалауға қатысты келісім қорытындысы.
3. Берілген ақпаратты талдау және жинау.
4. Жер телімін бағалау.
5. Кәсіпорын құнын бағалауға қатысты үш тәсілді қолдану.
6. Түрлі тәсілдер көмегімен алынған шешімдер келісімі.
7. Бағалау туралы қорытынды және дайындық есептілігі.
8. Бағалау туралы баяндама.

1.1 Мәселені анықтау
1. Бағалау кезеңдері келесідей этаптардан тұрады:
2. Кәсіпорын идентификациясы.

1.1.1 Кәсіпорын идентификациясы
Идентификация кезінде кәсіпорынның толық және қысқа аты, құқықтық мекеме түрі, оның тіркелген орны, орналасқан жері, өндіру саласы, шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері және т.б. көрсетіледі.

1.1.2 Бағалау объектісін анықтау
Кәсіпорынды бағалаудың негізгі кезеңі бағалаудың объектісін анықтау болып табылады, яғни бағалауды анықтауға қатысты: кәсіпорындарға мүліктік құқықтардың барлық кешені, кәсіпорынның материалдық активтердің құқығы, акционерлік қоғамның акционерлік капиталға құқығы, кәсіпорынның жарғылық капиталға қатысушының үлесі, кәсіпорынның акциздер пакетіне құдығы немесе т.б. қызығушылықтар. Сонымен бағалау объектісі бұл мүліктік құқықтың түрлері.

1.1.3 Бағалау күнін анықтау
Бағалау күні бұл бағалау орындалатын кездегі сәт. Кәсіпорынның құндылығы уақыт бойынша өзгереді және бұл өзгерулер қысқа уақыт ішінде де маңызды болуы мүмкін. Осыған байланысты басынан бастап бағалаудың күнін белгілеп қою керек. Ол кәсіпорынның сату күні, тексеру күні, мүліктік кешенді бөлумен байланысты сот арқылы шешу күні және т.б. жағдайлар болуы мүмкін.

1.1.4 Бағалаудың мақсаттары мен қызметтерін қалыптастыру
Бағалау мақсаттарының анықтамасы — бағалауды жүргізу әдістемесін таңдауға тәуелді маңызды этаптан тұрады. Дұрыс емес құрылған мақсат кәсіпорынның құнын бағалау кезінде жүйесіз әдісті қолданумен, оның салдарынан жаңсақты нәтиженің болуына әкеледі.

1.1.5 Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы
Бағалаудың бұл кезеңінде тапсырыс беруші оның және сарапшы бағалаушының мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын кәсіпорын құнын анықтау процесіне қатысты негізгі шектелген шарттарымен танысады.

1.2 Кәсіпорынды алдын ала қарау және бағалауға келісімге келу
Бағалаудың бұл кезеңі келесі қадамдардан тұрады:
- Кәсіпорынды алдын ала қарау және оның әкімшілігімен танысу
- Бастапқы ақпараттың және оның қайнар көзін анықтау.
- Бағалаушы эксперттер топтарының құрамын анықтау.
- Бағалауға тапсырманы құрастыру және календарлық жоспарды құру.
- Бағалауға келісімді дайындау және қол қою.

1.2.1 Кәсіпорынды алдын ала қарау және оның әкімшілігімен танысу
Кәсіпорынды алдын ала қарауды осы кәсіпорында көп жыл жұмыс істеген, өндірісті және оның адамдарын жақсы білетін тәжірибелі басшылардың бірімен жүргізген жақсы. Бұл өндірістің негізгі, көмекші және қызмет көрсететіндерді қарау кезінде кәсіпорынның алдағы тарихын, шығарылатын өнім туралы, құрал - жабдықтардың техникалық жағдайы туралы, кәсіпорынның жұмыскерлерінің және басшыларының мамандануы туралы, ұжымдағы психологиялық ахуал туралы, кәсіпорынның дамуы туралы немесе т.б. көбірек білуге көмектеседі.

1.2.3 Бағалаушы - эксперттер тобының құрамын анықтау
Бағалауды өткізуге жауапты бағалаушы - эксперт кәсіпорынның құнын бағалау үшін эксперттер тобының құрамын анықтап алуы тиіс.
Кіші кәсіпорынды бағалау бір бағалаушы экспертпен жүзеге асырыла алады.

1.2.4 Бағалаудың тапсырмасын және календарлық жоспар құру
Бағалауға тапсырманы тәртіп бойынша, бағалаушы эксперт орындайды. Тапсырма беруші бағалау шеңберіндегі тектілікті білімдердің болмауынан . Мұны жеткіліксіз маманданған түрде жасайтынын тәжірибе көрсетеді. Бағалаудың шарттары мен кызметтерін бейнелеудегі нақтылықтың болмауы бағалаудағы қателердің және тапсырыс беруші мен бағалаушы эксперт арасындағы қатынастағы жанжалдық жағдайлардың себебі болып табылады.
Бағалау жүргізуге мына тапсырмаларды жатқызамыз:

1.2.4 Бағалауға келісімді дайындау мен қол қою
Бағалауға келісімді дайындау мен оған қол қою үрдісі бағалау объектімен шартталған ерекшеліктері, тапсырыс беруші мүмкіндіктері мен бағалаушы эксперт мамандануы ерекшеліктері бар.

1.2.8 Арнайы деректерді жинау мен талдау
Арнайы деректерге кәсіпорын туралы деректерді және салыстырмалы сатулар туралы деректерді жатқызуға болады.
Кәсіпорын туралы деректерге: меншік құқының куәландыратын құжаттар туралы, кәсіпорын қатысушыларының кұрамы, олардың жарғылық капиталдағы улесі, жер учаскесін, ғимараттар мен құрылысты қолдану туралы ақпаратты, оған қоса кәсіпорынның қаржылық - экономикалық және техникалық сипаттамасы, ғимараттар мен құрылыстардың құнын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштері бар: