Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Қоғам және саясат

ЖОСПАР
1 ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ 3
2 ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ 5
3 САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ САНА 6
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ БИЛІК 8
5 ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТАР 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22

1 ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.

2 ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
Адам тумысынан анархист, монархист, либерал болмайды. Мүндай мінез-кұлықтар адамда жүре-бара қалыптасады.
Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның саяси көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.

3 САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ САНА
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінін бірі — адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, басшылыкқа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, өрбуінін кепілі — саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси сапасы мен әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшгліктерін, мемлекеттік кұрылыстың, сондай-ак белгілі бір саяси жүйенің сын сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің даму бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ БИЛІК
Конституцияның кабылдануына байланысты республикада биліктің жаңа жүйесі қалыптасты. Саясаттағы шешуші буын — мемлекеттік биліктің кұрылымы. Мемлекет - саяси жүйенің, қоғамдық өмірдің басты қүралы, оны нығайту, дамыту саясаттың мақсаты. Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Үкімет: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

5 ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Азаматтық қоғамның, демократиялық саяси жүйенің көрсеткішінің бір формасы — коғамдық-саяси ұйымдар және қозғалыстар. Бұлар — әлеуметтік, демографиялық, этностық, т.б. топтардағы адамдардың бірігу сипаты.
Коғамдық-саяси ұйымдар мен козғалыстар саяси билік үшін күреспеген күнде де, одан олардың саяси мәні төмендемейді. Олар өзінің бұқаралық сипатымен, халықтың тікелей мүддесін қорғайтындығымен, дербестігімен елдің болашағын анықтауға, дамудың демократиялық бағытының өрісін кеңейтуге үлес қосады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Жас Алаш» қоғамдық саси газеті №14 (15234)
2. «Дипломатия жаршысы» журнал № 8 мамыр 2007
3. Адам және қоғам оқу құралы