Жаһанша Досмұхамедов (1886-1938)
Жоспар
1. Өмірі туралы мәліметтер 3-5
2. Қызметі туралы деректер 6-12
3. Алаштың ардақтысы 13-20
1. Өмірі туралы мәліметтер
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
2. Қызметі туралы деректер
XX ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алаш Орда хүкіметін құрушы азаматтың бірі – Жаһанша Досмұхамедов.
Ол 1886 ж. Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүнияға келген. Жаһаншаның туған жылы хақында мұрағат құжаттары мен ғылыми әдәбияттарда әр түрлі мерзім көрсетіліп жүр.
3. Алаштың ардақтысы
Патша үкіметі тұсында білім алып, империяның құқық қорғау органдарында жемісті қызмет істеген қазақ заңгерлерінің бірі Жанша (Жаhанша, Жаhаншаh) Досмұхамедұлы Досмұхамедов болатын. Ол 1917 жылы жария болған Алаш автономиясының да аса ірі қайраткерлерінің бірі әрі бірегейі болған еді.