Қылмыс объектісі
Жоспар
1 Қылмыс объектісі 3
1.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы 3
1.2 Қылмыс объектілерінің түрлері 7
1.3 Қылмыс заты 12
Әдебиеттер 16
1 Қылмыс объектісі
1.1 Қылмыс объектісі ұғымы және оның маңызы
Объект құрамның міндетті элементтерінің (жақтарының) бірі, сондықтан да объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық занда қылмыс деп қарастырылған кез-келген қоғамға қауіпті әрекет белгілі бір объектіге бағытталады.
Қылмыстық озбырлық жасалғанда сол объектіге елеулі нұқсан келеді немесе ондай қауіп төнеді.
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және заңдық түп-тамырын, нысанын және жасалған қылмыс үшін қарастырылған қылмыстық жауаптылықтың мөлшерін айқындауға көмек етеді.
Объектіні анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бірінен-бірін, қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
1.2 Қылмыс объектілерінің түрлері
Бұрынғы Одақтың қылмыстық заңында қылмыс объектісінің жүйесі жете қарастырылған деп саналатын. Атап айтқанда, объектілерді үш сатыға топтастыру теориясы ұсынылған, олар: жалпы, текті немесе арнаулы және «тікелей» деп аталатын.
Қылмыстың жалпы объектісіне бұзғандық үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған барлық қоғамдық қатынастар (жиынтығы) жататын, ал тектік немесе арнаулы объектіге — біртектілік немесе белгілі бір салада ғана болу нышаны бар қоғамдық қатынастардың бір бөлігі немесе тобы жататын.