Еуропадағы қазақ диаспорасы және ана тілі мәселесі: кейбір проблемалар мен ұсыныстар
Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң
Еуропа Қазақ қоғамдары алдарына қойған аталған мақсаттарын жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар да қолдануда. Олардың ең бастыларының бірі, жыл сайын Еуропаның қазақтар қоныс тепкен бір елінде өткізілетін «Еуропа Қазақтарының Кіші Құрылтайы» деген дәстүрлі құрылтай. Бұл құрылтайларға, Еуропадағы Қазақ диаспорасының жүздеген өкілдеріне қоса,
Бұрын диаспорада тұратын елден келген үлкен кісілер басқа тіл білмегендіктен балаларымен және немерелерімен тек қазақ тілінде сөйлейтін. Сондықтан үйлерде қазақша сөйлеу басым болатын. Қазір сол аға буынға жататын үлкен кісілердің қатары тым сиреп, олар түгесіліп бітті десе де болатындай. Бұл шетелдерде тұратын қазақтар арасында қазақ тілінің қолданылу үрдісіне ауыр соққы болып тиеді.
Ана тілге шорқақ болса да, яки бүтіндей білмесе де Еуропада тұратын қазақ жастарының көбінде «Қазақстан тарихи атажұртымыз» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан Еуропа елдерінде туып-өсіп орта және жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының ішінде қазақша біліп,
Қорытып айтқанда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген аталы сөзде айтылғандай, бұл қиыншылықтарды ретке келтіру үшін Еуропадағы қазақ орталықтары шама-шарқы жеткенше бірге жұмыс істеуге күш салып жатыр.