Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Биосфера

Жоспар
Кіріспе 3
1. Антропогендік ластанудың негізгі көздері 4
1.1 Мұнай өндірісі. 5
1.2 Химия өнеркәсібі 6
1.3 Жеңіл өнеркәсіп 7
1.4 Қара металлургия 8
1.5 Электр энергетика энергетика өндірісі 9
2. Биосфера қабаттарының дамуы 11
2.1 Атмосфера қабатының ластануы 11
2.2 Гидросфера қабатының ластануы 15
2.3 Литосфера қабатындағы өзгерістер 17
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 21

Кіріспе
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.

1. Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.

1.1 Мұнай өндірісі.
Мұнай өндейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі.Ластаушы заттар шығаратын негізгіикөздерге мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау прцестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әр түрлі заттар болініп, қоршаған ортаны ластап отырады.

1.2 Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндердін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.

1.3 Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсібіне зығыр, конопля, кендірді, жүн, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.
Бұл салада негізгі атмосфераны ластайтын көздер электролиз ванналары, шикізат тиеитін және түсіретін жерлер, оларды майдалайтын дірлендер, араластырғыштар, кептіргіш барабандар, темір және де басқа металл бұйымдардын тегістеп өңдейтін станоктар, тоқитын және жүн түтетін машиналар, аң және мал терілерін арналы өңдейтін аспаптар мен бояйтын жабдықтар.

1.4 Қара металлургия
Қара металлургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейтін.Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір (Соколов – Сарыбай, Лисаков, Кашар кен байыту комбинат) хромит (Дон кен байыту комбинат), марганец (Жезді кен басқармасы), рудаларын өңдіретін өндірісі, екі ферросплав (Ақсу, Ақтөбе) және «Казогнеулар» (Рудный) зауыты, «Казторчермет» (Алматы) өндірістік қоғашын атауға болады.

1.5 Электр энергетика энергетика өндірісі
Энергетикалық ресурстар, энергетика өндірісі энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.

2. Биосфера қабаттарының дамуы
Адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөлуге болады. Бұл сатылар:

2.1 Атмосфера қабатының ластануы
Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны 2000-ғға жуық. Барлық ластағыш заттек тек агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді.

2.2 Гидросфера қабатының ластануы
Жылына гидросфераның ластайтын онтропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15млрд. тоннаға жетіп отыр. Су обьектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есеппен шардағы ластағыштардың концентрациясы 400 мг/л жетіп отыр.

2.3 Литосфера қабатындағы өзгерістер
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна.

Қорытынды
Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерліді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова «Экология» Алматы 2003 «Бастау» баспасы 98-177беттер.
2. Қ.Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ.Мейірбеков «Табиғатты тиімді пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы 2000 51-110 беттер
3. Федоров В.Д., Гильманов Т.Г. «Экология» Москва 1980ж. 31-37 беттер
4. А.К. Бродский « Жалпы экологияның қысқаша даму тарихы» Алматы 1998ж. 162-167беттер
5. Ә.Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж.Шілдебаев «Экология» Алматы «Ғылым» 2004 ж. 26-36 беттер, 108-114 беттер
6. Арпабеков «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2004 ж. 235-238 беттер.