Телеарна мен бұқаралық ақпарат құралдарының мектеп оқушыларына әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Ақпарат құралдардың шабуылдарының балаларға әсері 6
1.1 Ақпарат құралдары ұжымдық қарым-қатынас құралы ретінде балалардың ой-өрісі мен ойлану әдістеріне әсері 8
1.2 Мектепте оқу және тәрбие процесін ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жүргізу 10
2 Телеарналардың балаларға әсер етуі 13
2.1 Теледидардың бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері 20
2.2 Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы 30
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНГАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
КІРІСПЕ
Ақпарат құралдары хабарларды халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және т.б. мүмкімдік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық , ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетінықпалын ескере келе, оны заң шығарушы, атқакрушы, сот билігімен қатар қойып, төртінші үкімет деп атайды. КСРО кезенде ақпарат қуралдары тікелей мемлекетің бақылауында болады.ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәніненде сөз бостандығы беріліп, демокретік жүйе қалыптасып, ақпарат қуралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалады.
Ақпарат құралдары кең мағынасында бұған жұртшылдыққа хабар тарататын құралдардың бәрі-газет,жұрнал, телевизия және радио,пресс-релиздер,жарнамалық мәтіндер,таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия және радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байаныс жүйелері енеді. Баспасөз телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілдікке ұсынылатын материялдарын түсіндіреді, бұл материялдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тындарманның эстетикалдық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдары-мемлекеттік тәуелсіздігінің саяси эканомикасын және ғылыми техналогиясын дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.
1 Ақпарат құралдардың шабуылдарының балаларға әсері
Соңғы жылдарда зерттеушілер, ойшылдар, қоғамтанушылардың көбісі теледидар, фильмдер, видео, спутник және компьютердің қоғамдағы бұзақылықтардың көбеюіне әсер етулерін қарастырды. Олар өз зерттеулерінде "әртүрлі бағдарламалар, фильмдер және компьютерлік ойындар жасөспірімдер мен қарт адамдардың арасындағы психикалық ауруларға маңызды әсер етеді" деген нәтижеге жетті. Бұл зерттеулер және оның нәтижелерінен мұғалімдер мен тәрбиешілер бұл ақпарат құралдарды қайтадан қарастырып, жанұяларды олардан пайдалану бағытында хабардар ету қажеттілігін түсінді.
1.1 Ақпарат құралдары ұжымдық қарым-қатынас құралы ретінде балалардың ой-өрісі мен ойлану әдістеріне әсері
Ақпарат құралдарының әр түрінің арнайы оқырманы бар және олар бағдарламаларының мәтіні мен мазмұнына қарай тыңдармандары, көрермендері және оқырмандарына түрліше әсер етеді. Балалар – көбінесе теледидардың қөрермендері. Теледидар басқа ақпарат құралдарымен, атап айтқанда радио, газет, кітап, журнал және компьютермен салыстырғанда анағұрлым әсерлі құрал болып саналады. Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі, ең өткір ақпарат құралы. Теледидар бос уақытты өткізумен қатар, баланың әрекеті мен ой-өрісінің дамуына да әсер етіп, олардың үйрену қабілетін өрістетеді.
Ақпарат құралдарының ең маңызды мақсаты – қоғам қабылдайтын мәдениетті, атап айтқанда, қоғамға тиімді сенімдер мен құндылықтарды түсініп, олармен алмасуға көмектесу болып табылады.
1.2 Мектепте оқу және тәрбие процесін ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жүргізу
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бұл дамуына көп көңіл бөлініп жатқан, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды құрамы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономиканы түбегейлі өзгертуде, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аса зор рөл атқарады.
Сондықтан қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру болып отыр. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылуда. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
2 Телеарналардың балаларға әсер етуі
Бұқаралық ақпарат құралдары адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Демек, олар адамзаттың дүниені танып-білуінде, қосымша білім алуында үлкен рөл атқарады. Бірақ БАҚ-тың, соның ішінде теледидардың көрермендерді өзіне тәуелді ету ықпалының өте жоғары екенін ескере отырып, одан берілетін қандай да бір бағдарламаның көрерменді әртүрлі сезімде ұстау мүмкіндігін де әсте естен шығаруға болмайды.
2.1 Теледидардың бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері
Бұл мәселе бұған дейін де айтылған. Тіпті, жауыр болған тақырып дейтіндер бар. Алайда көгілдір экранның «жемісін» күн өткен сайын баламыздың бойынан көргесін бейжай қарай алмай, бұл тақырыпқа қайта оралады екенсің. Зерттеушілер телеарнаның адамға беретін пайдасынан гөрі, келтірер зияны көбірек екенін, мәдени-рухани құндылыққа қарсы бағытталған жойқын жорығын айтып, дабыл қағып отыр. Олардың айтуынша, көгілдір экран адамды байқалмайтын стресс жағдайында ұстайды екен.
Психологтар телеманияны есірткі, ішімдік секілді теріс әдеттермен қатар қоюға болады деген қорытынды жасады. Бұған қоса, зерттеушілер теледидардың танымдық, тағылымдық әсерінен гөрі, көрерменге бағытталған эмоциялық соққысы басым дейді.
2.2 Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие тұлға тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін ақпараттық технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім мекемелеріне енуде. Жаңа технологияны меңгерту оқушының интеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз, қазақ халқы, шығыс халқы екенімізді ешуақытта да ұмытпауымыз керек. Ел басының қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы да, бүгінгі ғаламдау заманында қасиетті терең тамырымыздан айрылып қалмай, содан сусындаудың қажеттігінен туындаған дүние екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Бұл үлкен ғылыми бағдарлама. Ал шынайы өмір шындығы қандай? Біз бүгінгі күндері неге ата-баба тәлім-тәрбие дәстүрінен мүлде қол үзіп қалдық? Осы орайда бір сәт ойланып көрейікші. Егер де қасиетті бір бабамыз бір сәт жанымызға келіп, бізбен бірге теледидар көрсе, онда ол басын шайқап, қарақтарым, деп бізге сұрақ қойған болар еді. Сонда біз, басқа шығыс елдері сияқты медиазорлыққа ешқандай тосқауыл қоймай отырғанымызды немен түсіндірген болар едік?!
Атадан балаға мирас болып келе жатқан тәлім тәрбие дәстүрін Жапон елі күні бүгінге дейін қатаң сақтап қана отырған жоқ, олар жас ұрпақ алдына оны дамыту міндетін жүктеп отыр. Осыдан Жапон елі ұтылып отыр ма? Жоқ, ешқандай да ұтылып отырған жоқ. Тәрбие негізінде мектепте сапалы білім беріп отырған елдің ғылымы мен экономикасы да ғарыштап дамып отырғанын бәріміз де жақсы білеміз.