Бизнесті (кәсіпорын) бағалауда салыстырмалы (нарықтық) тәсілді қолдану ерекшеліктері мен мазмұны
Жоспар
1 Бизнесті (кәсіпорын) бағалауда салыстырмалы (нарықтық) тәсілді қолдану ерекшеліктері мен мазмұны 3
1.1 Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы бағыт 3
1.2 Ұқсас кәсіпорындарды іріктеудің негізгі принциптері 5
1.3 Іріктеудің негізгі белгілері 6
1.4 Құнның ақырғы мөлшерін қалыптастыру 9
1.5 Құнның алғашқы мөлшерін өлшеу 10
Әдебиеттер 12
1 Бизнесті (кәсіпорын) бағалауда салыстырмалы (нарықтық) тәсілді қолдану ерекшеліктері мен мазмұны
1.1 Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы бағыт
Меншікті бағалаудағы салыстырмалы бағыттың ерекшелігі құнның қорытынды құнын ұқсас компаниялардың негізіндегі акцияларды сату-сатып алудың нарықтық бағасына бейімдеу; құнның қорытынды құнын нақты қол жеткен қаржы нәтижесіне бейімдеу. Мұнда басты назар келесілерге аударылады:
• Салыстырмалы бағыттың теориялық негіздемесіне, оны қолдану саласына, сондай-ақ қолданылатын тәсілдердің ерекшеліктеріне;
• Ұқсас кәсіпорындарды іріктеу белгілеріне;
• Маңызды баға мультипликаторының сипаттамасына және оларды бағалау практикасында қолданудың ерекшелігіне;
• Қорытынды құн мөлшерінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне;
1.2 Ұқсас кәсіпорындарды іріктеудің негізгі принциптері
Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы бағын ақпараттың екі түрін қолдануға негізделген:
1. Нарықтық (бағалық ақпарат)
2. Қаржылық ақпарат.
Нарықтық ақпарат – бұл бағаланатын компанияның акцияларымен бірдей акцияларды сату-сатып алудың нақты бағасы туралы мәліметтер.
Қаржылық ақпарат – бұл бухгалтерлік және қаржы есептілігі, сондай-ақ компанияның ұқсастығын анықтауға мүмкіндік беретін қосымша мәліметтер.
Салыстырылатын компанияларды іріктеу процесі үш кезеңмен жүргізіледі.
1.3 Іріктеудің негізгі белгілері
1. Салалық ұқсастық. Өндірістің диверсификация деңгейі. Өндірілетін өнімдердің өзара алмастыру мінездемесі. Бір экономикалық факторларға тәуелділік. Экономикалық даму кезеңі. Бірнеше жыл жұмыс атқарған тәжірибелі компания тұрақты жұмыс атқару, жақсы клиентура және шикізатпен жабдықтаушылар және т.б. есебінен белгілі бір артықшылықтарға ие болып қосымша пайда ала алады.
2. Мөлшер маңызды критери болып табылады. Географиялық диверсификация – ірі компанияларда әдетте өз өнімін тұтынушылардың ауқымды тармақталған желісі болады. Бұл жағдай тұрақсыздық тәуекелін төмендетеді. Сандық жеңілдіктер ірі компаниялар шикізатты үлкен көлемде алады, мұнда олар үлкен жеңілдіктерге ие болады. Ұқсас тауарлар бойынша баға өзгешеліктері – ірі компаниялар көп жағдайда жоғары баға орната алады.
1.4 Құнның ақырғы мөлшерін қалыптастыру
Құнның ақырғы мөлшерін қалыптастыру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
• Мультипликатордың мөлшерін таңдау;
• Аралық нәтижелерді өлшеу
• Қорытынды түзетулерді енгізу.
Қаржылық коэффициенттің шамасына қарай бағаланатын компанияның жалпы тізімдегі орнын (ранг) анықтау.
Бағаланатын компания үшін мультипликатор мөлшерін трендтік түзу тәсілі бойынша немесе төмендегідей үш шаманың арақатынасын талдау арқылы анықтаймыз: