Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Маркетинг жайлы жалпы түсінік


Жоспар
Кіріспе 3
1 Маркетинг жайлы жалпы түсінік 4
1.1 Маркетингтің принциптері, атқаратын қызметтері және оның концепциясы 5
1.2 Сұраным сипаттары және маркетинг міндеттері мен типтері 9
1.3 Маркетингтің түрлері 12
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер 19

Кіріспе
Маркетинг - (ағылшынша-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда маркетингті - өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қаралды. Дегенмен маркетинг тек қана тауарларды өткізумен шектелмейді. Маркетинг өзінің даму барысында бүтін ғылымға, «бизнестің өзегіне» айналды. Қазіргі таңда маркетинг бәсекенің стратегиясы мен тактикасын сатып алушыларды өзіне тарту тәсілін, нарықты билеу әдістерін жасайтын, көзделген пайда деңгейін қамтамасыз ететін, нарық және бағаларға белсенді бақылау орнататын жан-жақты ғылым және іс-әрекет саласы болып табылады. Сонымен бірге, оның маңызды міндеті - өндірісті дұрыс бағдарлау үшін нарықты терең зерттеу.

1 Маркетинг жайлы жалпы түсінік
Енді маркетингтің мәнін түсіну мақсатымен оның бірнеше анықтамасына тоқталайық.
Маркетинг - бұл адамның тұтынуын айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі.
Маркетинг - бұл тауарларға, қызметтерге, адамдарды ұйымдастыруға, аймақтарға және идеяларға сұранымды айырбас арқылы болжау, басқару және қанағаттандыру.
Маркетинг – бұл кәсіпорынның сауда өткізу іс-әрекетін зерттейтін, өндіріс процесіне және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндірушілерді тұтынушыларға жылжытуға әсер ететін кешенді шаралар.

1.1 Маркетингтің принциптері, атқаратын қызметтері және оның концепциясы
Нарық концепциясы ретіндегі маркетингтің негізгі принциптері мыналар;
- өндірістің түпкі нәтижесіне жетуге ұмтылу-тауарларды нарықта тиімді өткізу;
- алға қойған мақсат пен міндетке жету үшін бағдарламаны – мақсатты әдіс пен кешенді қатынас жасау, тек осындай жағдайда ғана маркетинг нарықтық қатынастардың сәтті дамуын қамтамасыз етеді;
- нарыққа икемделудің стратегиясы мен тактикасын бірлікте және өзара байланыста қолдану, сонымен бірге оған мақсатты бағытта әсер ету;
- кәсіпорынның жұмысын шұғыл нәтижеге емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бейімдеу, ал ол, тиісінше болжамды зерттеулерге және жаңа тауарлар жасауға көңіл аударуды талап етеді.

Бұл кезеңде жанталасқан бәсекелесу және ассортименттік көпжақты шабуылдау басталады. Сұраныстың сандық - көлемдік сипаттарының ассортименті – сапалық жағына ауысуы күшейе түседі, ассортиментті оптималды моделдендіруге көшу басталады.
Жиынды маркетингті (маркетинг-микс) басқару жүйесінің маркетингтің барлық элементтері (тауар, баға, сатып алушы, өткізу, жарнама) бойынша интегративті қызмет етуі деп білу қажет.
Соңғы уақыттарда маркетингтің өзара байланысты ( өзара байланысу, коммуникативтік маркетинг ) маркетинг деген түрі де шыға бастады. Бұл жағдайда маркетингтің функциясы маркетингтік бөлімдердің шебінен аттап, кәсіпорынды тұтастай қамтитындығына назар аудару керек.
Маркетингтің әсері клиенттің ой дүниесі және маркетинг қызметкерлерінің қимылы арқылы іске асады. Маркетингтің бұл түрі қатынастар, коммуникациялар маркетингі арқылы айқындалады.
Хронологиялық принциппен қатар маркетингтің түрлерін маркетингтік қызметтің объектісіне қатысты бөлуге болады. Бұл тұрғыдан; тұрмыстық тауарлар маркетингі, азық-түлік тауарлар маркетингі, өндіріске арналған тауарлар маркетингі, толықтырушы материалдар мен бұйымдар маркетингі, қызметтер маркетингі, сыртқы экономикалық қызмет маркетингі, өндіріс саласынан тыс маркетинг, идеялар маркетингі ажыратылады.

Қорытынды
Қорыта келгенде маркетинг - нарықтық қатынас жағдайында өндірісті басқарудың жүйесі мен пәлсапасы. Біз маркетингтің типтері мен міндеттерін, түрлерін, функцияларын қамтыдық. Сондай-ақ нарықтық сипаттамалар, сатып алу үрдісін, маркетингтік жоспарлау, коммуникация, ақпарат және бақылау жүйелері тереңнен қарастырылған. Шынайы маркетингпен біздің шаруашылық жүргізуші субъектілер шетел нарығына шыққанда ғана кездесіп және шұғылдануға мәжбүр болып жұр. Бұл құбылыс уақыт өткен сайын кеңейіп және тереңдей түсуде.