Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Халықаралық жеке құқық


Жоспар
Kіpіcпе 3
1. Халықаралық құқығының түсінігі 5
1.1 Халықаралық қатынас оның қалыптасу эволюциясы және даму тенденциясы 8
1.2 Халықаралық шарт түсінігі 9
1.3 Шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық – құқықтық қолданылуға тиісті құқықты аңықтау 12
2. Тұлғалар 16
2.1 Мүліктік емес жеке құқықтар 19
2.2 Мәмілелер, өкілдік, талап мерзімі 19
2.3 Заттық құқықтар 22
2.4 Шарттық міндеттемелер 23
2.5 Шарттан тыс міндеттемелер 26
2.6 Мұрагерлік құқық 29
2.7 Қорғаншылық және қамқоршылық 30
Қорытынды 31
Әдебиеттер 33

Kіpіcпе
XVI ғасырда европалық елдерде сияқты қатынасты реттеп отыратын құрылым дүниеге келіп, консульдық құқық әрекеттене бастады. XVII ғасырда халықаралық құқықтың жана принциптері қалыптасты.
Мәселен, егеменді теңдік, тәуелсіздік, территорияның тұтастығына қол сұқпау, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау туралы ережелер іске қосылды.
Сол сияқты елшінің дербес құқылығы, келісілген шарттар мен одақтың ерекше қасиеттілігі, халықаралық сот пен делдалдық, шетел азаматының құқығын қорғау, соғыс ашу, мешіттер мен шіркеу, храмдарының және басқа да мәдени мұралардың қасиеттілігі туралы мөлшерлер мен институттар жұмыс істеген екен. Кейін, бұл ережелер кейбір халықаралық, актілер көрініс тапты және 6ipтe -6ipтe жалпыға бірдей міндетті халықаралық қатынас принциптері мен мөлшерлеріне айналған екен.

1. Халықаралық құқығының түсінігі
Халықаралық құқық – ол халықаралық байланысқа түскен мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеп отыратын заңды принциптер мен мөлшерлердің жиынтығы. Кез келген тарихи кезеңде мемлекетаралық қатынастардың даму деңгейі және оның сипаты әсте халықаралық құқықтың даму мазмұны арқылы анықталады. Демек, халықаралық құқық мемлекетаралық қатынастарға ықпал етіп, олардың арасындағы қатынастың сипатын және даму деңгейін алдын ала арықтап отырады.
Халықаралық құқық институтының өзі де тарихи қалыптасқан құбылыс. Ертеден – ақ, елшіліктің және келісім шарттар мөлшері қалыптасқан болатын.
Сол сияқты елшінің дербес құқылығы, келісілген шарттар мен одақтың ерекше қасиеттілігі, халықаралық сот пен делдалдық, шетел азаматының құқығын қорғау соғыс ашу, мешіттер мен шіркеу, храмдардың және басқа да мәдени мұралардың қасиеттілігі туралы мөлшерлер мен институттар жұмыс істеді.

1.1 Халықаралық қатынас оның қалыптасу эволюциясы және даму тенденциясы
Халықаралық қатынас дегеніміз – ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субьектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік , дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық өзара байланыстары мен қатынастарының жүйелік жиынтығы.
Халықаралық қатынас – ол халық немесе мемлекеттер арасындағы қатынастардың жәй ғана жиынтығы емес, керісінше өзара тәуелді болатын, өзара дамып отыратын субьектілер арасындағы табиғи диалектикалық байланыстар жүйесі.
Халықаралық қатынас мемлекеттің пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердің бір – бірімен байланысты жасаудың тарихи қажеттілігінен туындайды.
Халықаралық қатынастың қалыптасу эволюциясына келетін болсақ, оның адамдар арасындағы өзара ерекше түрі ретіндегі бөлінуі әріден алғанда алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыптасуынан басталады.
Қазіргі халықаралық қатынас процесі барлық мемлекеттер қабылдаған және барлығына бірдей міндетті негізгі принциптер мен ережелерге негізделеді.

1.2 Халықаралық шарт түсінігі
1995жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы Республиканың халықаралық шарттарына байланысты мәселелерді реттейді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта көрініс тапқанына қарамастан, сондай – ақ оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқық арқылы реттелетін халықаралық келісім.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шет мемлекеттерімен:

1.3 Шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық – құқықтық қолданылуға тиісті құқықты аңықтау
Шетелдік азаматтардың немесе шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық –құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті құқық осы Кодекстің, өзге де заң актілерінің, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негізінде анықталады.
Егер осы баптың 1 –тармағына сәйкес қолдануға тиісті құқықты аңықтау мүмкін болмаса, шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық –құқықтық қатынастар мен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады. Осы бөлімнің сот қолдануға тиісті құқықты аңықтау туралы ережелерін тиісінше қолданылуға тиісті құқық туралы мәселені шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.

2. Тұлғалар
Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.
Адамның екі немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдің құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.
Баспана берген елдің құқығы босқынның жеке заңы болып саналады.
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті ( азаматтық құқық қабілеттігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.
Азаматтың құқық қабілеттігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттігі ( азаматтық әрекет қабілеттігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған езден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігін шектеуге болмайды.
Азаматтардың құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгіленген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға келіп соқтырады.

2.1 Мүліктік емес жеке құқықтар
Мүліктік емес өзіндік құқықтары бұзылған адамның, Азаматтық Кодекстің 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстің ережелері бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың қорғалуын азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіп бойынша сот жүзеге асырады.

2.2 Мәмілелер, өкілдік, талап мерзімі
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгеруге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәміленің нысаны ол жасаған жердің құқығына бағынады.
Алайда шетелдерде жасалған мәмілені, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Мәмілелер бір жақты және екі жақты ( шарттар) болуы мүмкін.
Қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша ( жай немесе нотариалдық) немесе өзге де белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле атап айтқанда, олар жасаған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түрі мынадай:

2.3 Заттық құқықтар
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлікке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.
Мүліктің қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы , сондай – ақ мүліктің өзге де заңдық саралануы осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.
Мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшін негіз болған іс - әрекет немесе өзге де мән – жайлар орын алған кезде сол мүлік болған елдің құқығы бойынша анықталады.

2.4 Шарттық міндеттемелер
Шарт тараптарының келісімімен құқық таңдау, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. тараптардың қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімі айқын көрсетілуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын істің мән жайларының ережелерінен тікелей туындауға тиіс.
Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшін де, оның жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты таңдай алады. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін.

2.5 Шарттан тыс міндеттемелер
Бір жақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге ( марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет істеуге және басқалар) мәмілелер жасалған жердің құқығы қолданылады.
Бір жақты мәміле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшін негіз болған іс - әрекет немесе өзге де мән – жай орындалған елдің құқығы бойынша анықталады.
Шетелде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер, егер тараптар сол бір мемлекеттің азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттің құқығы бойынша анықталады.
Егер іс - әрекеттер немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негіз болған өзге де мән – жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.

2.7 Қорғаншылық және қамқоршылық
Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленеді және олардың күші өзіне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленетін немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.
Қорғаншыны (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау міндеті қорғаншы ( қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.
Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы)адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді.
Алайда қорғаншылықты (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын. Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген қорғаншылық (қамқоршылық).

Қорытынды
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болғандықтан, барлық сыртқы және ішкі саясаты заңды түрде жүзеге асырылады. Мемлекетаралық қатынастарды да заң жүзінде реттейді.Сонымен бірге мемлекетаралық қатынастарды жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің дербестігін оның өзгеге бағынышты болмауының, өздігінен әрекет ете алуының сыртқы саясаттағы құқық субъектілігінің және мемлекетаралық қатынастардағы егемендігінің белгісі болып табылады.
Қазақстан жеке мемлекет ретінде дүниежүзілік ықпалдастыққа төте араласатын, халықаралық қатынастар субьектісіне айналуын одан әрі қалыптастырып отыр. Соның арқасында әлемге егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде танылып отыр.
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық – құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын өз аумағында бұлжытпай орындауға міндетті.