Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Түріктер


Жоспар
1 Түріктер 3
1.1 Ежелгі қалалары 5
1.2 Айша-Бибі күмбезі 7
1.3 Бабаша Хатун мавзолейі 8
1.4 Наным-сенімдері, діни ұғымдары 9
1.5 Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі 11
1.6 Орхон жазбалары және тарихи шындық 13
Пайдаланылған әдебиет 17

1 Түріктер
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды - феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.

1.1 Ежелгі қалалары
Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан 6-10 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр.
Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс – мұнда отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ, көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен айналысып, отырықшы қала халқының қатарын көбейтсе, сонымен бір мезгілде отырықшы халық қайтадан мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.

1.2 Айша-Бибі күмбезі
Айша-Бибі күмбезі – 11-12 ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Головачевка селосында. Күмбезді салған немесе салдырған кімдер екені жайлы атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи нақты дерек жоқ. Күмбез бізге жартылай бұзылған қалпында жеткен. Құрылысының бастапқы жобасы мынадай: жалпы ауданы 7,23 м х 7,23 м; диаметрі 86 см колонналары бар. Сыртқы беті тұтас оюланған. Әшекейлі қабырғаларының қалыңдығы 80 см. Бұл ескерткіштен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратамыз.

1.3 Бабаша Хатун мавзолейі
Бабаша Хатун мавзолейі – 10-11 ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-Бибі күмбезінің жанында. Мавзолей тұтас қызыл кірпіштен салынған. Бабаша Хатун мавзолейінің қабырғасы текшеге жақын тік бұрышты болып келген (6,80 х 6,78 м). Қабырғасының 1,37 м биіктіктегі арқа иығынан сегіз қырға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен (3,8 м биіктікте) ішкі еңсенің 16 қырлы күмбез қалауы басталады. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстан жеріндегі көне ескерткіштерден кездесіп отырады (Кесене, Жұбанана ескерткіштері). Мавзолейдің 12 қырлы, конус формалы сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орналасқан. Бірінің сыртынан бірі орнаған қос күмбез ескерткіштің ұзақ уақыт сақталуына себепкер болған. Күмбез іргелерінің аршамен құрсаулануы, ескерткіштің өзі тас тұғыр үстіне салынып, тақталардан су ағарлар жасалуы сол тұстағы құрылыс өнері дәрежесінің жоғары болғандығын көрсетеді.

1.4 Наным-сенімдері, діни ұғымдары
Ежелгі түріктер негізінен қос күшке – Көкке (оны Тәңірі деп те атаған) және Жерге (Жер-Суға) сыйынатын болғаны тарихтан жақсы мәлім.
Қарапайым түріктер өздерінің қағандарын сол Көк-Тәңірінің әмірімен билік жүргізіп отыр деп түсінген. Сонымен бірге, түріктер табынатын үшінші күш болған. Ол – үйдегі от басы, бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай.
Ежелгі түріктер жерді, дүние кеңістігін төртбұрышты («төрт булуң») деп ойлаған. Бұл төртбұрыш – «ілгеру» (күн шығыс), «қурыйа» (күн батыс), «берійе» (күн ортасы немесе оңтүстік), «йырайа» (түн ортасы немесе солтүстік) деп аталған.

1.5 Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Енисей өзені аңғарынан құпия жазу бар құлпытастар немесе ескерткіштер табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ, Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт т.б. 18-ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» яғни «руна» деген сөз қазақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. Табберт-Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін хат жазуды өз елінің тілінде «Руна» жазуы деп атаған еді.

1.6 Орхон жазбалары және тарихи шындық
Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштер текстінде Түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді өз еңбектерінде кеңінен пайдаланып келеді. Алайда, тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама шежіре емес. Автор сол кездің аса маңызды тарихи оқиғаларын шетінен тізіп жазуды өзіне мақсат етіп қойған емес. Мұны сол дәуірдің тарихи шындығы мен ескерткіштер текстін өзара салыстыра отырып аңғаруға болады.

Пайдаланылған әдебиет
1. «Көне түріктер тарихы» Келімбетов
2. Қазақстан тарихы, І том.
3. «Көне түріктер» Л.Н. Гумилев
4. Қазақ энциклопедиясы, І том.