Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Нарық қатынастары жағдайында мемлекеттік қызметтің экономикалық жиынтығы мемлекеттің реттеу механизімі арқылы әкімшілік ұйымдарының кәсіпкерлік қызметке экономикалық сипаттағы әдістер мен әр түрлі формаларды пайдалану арқылы араласуымен іске асады. Бұл процестің қалыптасуының негізгі алғышарты болып, Батыс елдерінде индустриалдық нарық жүйесінің жоғары деңгейде пісіп жетілуі және монополияны ығыстыру мақсатында қажеттіліктен туындап отырған құбылыс деп түсінуге болады.

Батыс елдерінде мемлекеттік реттеудің дамуы, сапалы жаңа кезеңі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басталды. Қазіргі кездегі тәжірибеде, мемлекеттік реттеудің көптеген әдістері белгілі - ұзақ мерзімдік болжау және орта мерзімді индикативті жоспарлау, несие және фискалды сипаттағы шаралар, әкімшілік және ұйымдастыру құқық формалары, нарықтық бәсекені демонополизациялау.Ұзақ мерзімді мемлекеттік реттеу - болжау жолымен қамтамасыз етіледі, экономиканы стратегиялық жоспарлау және болжаудың негізгі мақсаты ұлттық өндірістік дамуы мен қалыптасуы арқылы бәсекеге түсе алатын өнім шығаруды қамтамасыз етумен бірге әлемдік нарыққа жақындау.

Нарық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлердің ұлттық мүддесін қорғаудың ең маңызды құралы болып есептелінеді, сонымен бірге дамыған бәсеке ортасын қалыптастырады. Монополияға қарсы реттеу ұлттық нарықта бәсекенің таза болуын ғана реттеп отырмайды, сондай-ақ басқа елдердің де экономикалық процесіне ықпал етеді. Қазіргі кезде нарық бәсекесін монополиялау жүйесі бәсеке заңын кайта жаңарту нәтижесінде көптеген елдерде құрылған. Сыртқы экономикалық кызметтің жетістіктеріне ішкі нарықта бәсекенің тұрақтануына ғана байланысты емес және ұлттық өнімнің бәсекеге түсе алуына да, сондай-ақ оны өткізу мүмкіншілігін білу, шетел әріптестерінің нарықта еңбек тәртібін сақтауы, сыртқы саудаға ықпал ететін ұлттық және мемлекет аралық кұрамдардың, қағидалардың орындалуы жатады.

Отандық экономикада әлемдік практикада, әсіресе, жеткілікті дамымаған салаларға ие, ішкі рыногы тар елдерге қатысты жинақталған тәжірибені жан-жақты пайдалану керек. Тиімді қорғаныс шаралары, кедендік шекараны нығайту, кедендік кеңістіктің контрабандадан қауіпсіздігін сақтау, сырттан әкелінетін тауарлар сапасын бақылау деңгейін көтеру қажет.