Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Международная экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Халықаралық валюта-қаржы жүйесі


Жоспар
1 Халықаралық валюта-қаржы жүйесі және оның элементтері 3
2 Валюталық жүйенің дамуы (эволюциясы) 15
Әдебиеттер 23

1 Халықаралық валюта-қаржы жүйесі және оның элементтері
Валюталы-қаржылық жүйе тауарлардың, қаржы құралдары мен өндіріс факторлары қозғалысының халықаралық саудасының дамуына мүмкіндік беретін қажетті буын болып табылады.
Валюта-қаржылық жүйе элементтердің екі тобынан құралады. Жүйенің валюталық элементтері – ұлттық валюталар, олардың өзара еркін айналысының шарттары, валюталық паритет, валюталық курс және оны реттеудің ұлттық және халықаралық механизмдері. Жүйенің қаржылық элементтері – халықаралық қаржылық нарықтар мен валюта, құнды қағаздар, несиелер сияқты нақты қаржылық құралдармен сауда жасау механизмдері.

Ішкі ақшалай айналыста шетелдік валютаны пайдалану әдетте жинақтау құралы ретінде басталады. Ұлттық валютадағы өзінің жинақтарын құнсызданудан сақтау үшін оларды шетелдік валютаға айырбастайды. Инфляцияның даму қарқынына байланысты көптеген тауарларға деген бағаларды, әсіресе қозғалмайтын мүлік пен ұзақ мерзім тұтынылатын тауарларға деген бағаларды көп нөлдері бар ұлттық валютада орнату ыңғайсыз. Бағаларды долларда квоталап, немесе Ресейде болғандай, долларға тең қандай да бір «шартты белгілерде» бекіте бастайды. Сол арқылы шетелдік валюта есеп-айырысу қызметін атқара бастайды. Соңында, өздерімен құнсызданған ұлттық валютаны дорбалап тасудан шаршаған адамдар тауарлар мен қызметтер үшін доллармен есеп-айырысып, нәтижесінде ол айналыс құралына айналады.

2 Валюталық жүйенің дамуы (эволюциясы)
Халықаралық валюта-қаржылық жүйе – валюталық ресурстар қалыптасып, пайдаланылатын, сондай-ақ халықаралық төлем айналымы жүзеге асырылатын барлық елдердің әлемдік ақша жүйесі. Басқаша айтқанда, халықаралық валюталық жүйе халықаралық төлем құралдарының белгілі жиынын (еркін айналысқа түсетін валюталар, халықаралық ұжымдық валюталар), валюталық курстар мен валюталық паритетті қоса алғандағы валюталарды айырбастау режимін, еркін айналысқа түсу шарттарын, халықаралық айналымды валюталық төлем құралдарымен қамтамасыз ету механизмдерін, халықаралық есеп-айырысу формаларын реттеу мен унификацияларды, валюта мен алтынның халықаралық нарықтарының режимін, валюталық қатынастарды реттейтін мемлекетаралық институттар мәртебесін, сыртқы-экономикалық іс-әрекетпен байланысты халықаралық есеп-айырысулар мен несиелік операцияларды жүзеге асыратын халықаралық және ұлттық банктік мекемелер желісін білдіреді.