Қазақстан Республикасының Сот билігі т.б. органдары
Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты мен Республиканың жергілікті соттары құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттары болады. Ол заң шығарушы органдармен бірігіп қызмет істейді, атқарушы органмен тығыз байланысты, оларға ықпал жасау үшін көптеген өкілеттікке ие.
Жоғарғы соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарын құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сотүкімімен танылғанша о жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды.
Сот органдары, сот қызметкерлері әділет министрлігіне бағынбайды. Жаңа реформа бойынша мемлекеттік административтік комитетке бағынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды.
Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілеттіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдыретіне жатқызылады.
Прокуратура заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды. Ол сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіппен және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін құрайтындар:
Конституциялық Кеңестің шешімдері ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Оның шешіміне толығымен немесе белгілі бір бөлігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл қарсылық Президент шешімінің мәтінін алған күннен бастап он күн мерзімінен кешіктірмей енгізеді және Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріледі.