Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыс құрамы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың іпарты. Есі дұрыстық ұғымы


Жоспар
1 Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың іпарты. Есі дұрыстық ұғымы 3
1.1 Адам жасы қылмыс субъектісі нышандарының бірі 9
1.2 Қылмыстың арнаулы субъектісі 12
1.3 Мас күйде жасалған қылмыс үшін жауаптылық 15
Әдебиеттер 18

1 Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың іпарты. Есі дұрыстық ұғымы
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті жасаған адамның қылмыстық жауапқа тартылып жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы тиіс.
Аталып өткендей, есі дұрыстық дегеніміз — қоғамға қауіпті өрекет жасаған кезде өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілет. Есі дұрыстық ұғымы кінә түсінігімен тығыз байланысты, бұл ұғымның субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін маңызы зор. Тек есі дұрыс адам ғана айыпты деп танылады. Сондықтан да, есі дұрыстық — кінө мен жауаптылықтың алғы шарты.
Адамның мінез-құлқын оның санасы мен еркі анықтайды, солар бақылайды.

Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдық критерийлердің жиынтығы қажет. Тек медициналық немесе тек заңдық критерийлердің ғана болуы адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алмайды.
Есі дұрыс еместіктің медициналық критерийі ҚК-тің 16 бабының 1 бөлігінде көрсетілген психикалық қызметтің дертті бұзылуының төртеуінің біреуі болуын талап етеді, олар:

1.1 Адам жасы қылмыс субъектісі нышандарының бірі
Есі дұрыс кез-келген жеке тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, егер ол занда көрсетіген жасқа толмаса.
ҚК-тің 14 бабының 1 бөлігінде «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» делінген.
ҚК-тің 15 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыс жасалған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.

1.2 Қылмыстың арнаулы субъектісі
Қылмыстық заң белгілі жасқа толған, есі дұрыс кез-келген жеке тұлға емес, ерекше, қосымша нышандары бар адамдар ғана субъекті бола алатын қылмыстарды да көздейді. Мысалы, ҚК-тің 17 бабының 1 және 2 бөліктерінде көзделген заңсыз аборт жасаудың субъектісі тек дәрігерлер, қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК-тің 307 бабы) тек лауазымды адамдар субъект бола алады.
Бұл қылмыстардың ерекшелігі сонда, бұларды тиісті нышандары жоқ адамдар жасай алмайды.
Күшіндегі қылмыстық заңда арнаулы субъекті ұғымына анықтама берілмеген. Арнаулы субъектілерді сипаттайтын нышандар ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген.

1.3 Мас күйде жасалған қылмыс үшін жауаптылық
Маскүнемдік қоғамға көп залал келтіреді.
Маскүнемдік пен алкоголизм денсаулықты бұзады, еңбек және өндірістік тәртіпті ақсатады, еңбек өнімділігін, шығарған өнімнің сапасын төмендетеді, жаракат алдырады, отбасын бұзады, бала тәрбиесіне теріс ықпал жасайды, т.б.
Маскүнемдік қылмыскерлікпен тығыз байланысты.
Маскүнемдікпен күресте мәдени-тәрбиелік мәні бар, әкімшіліктік, экономикалық, медициналық, т.б. шаралар қолданылады. Маскүнемдікпен күресте мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың жауаптылығы жайында қылмыстық-заң нормалары да маңызды рөл атқарады.