Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Әкімшілік іс жүргізу

Бiр iс жүргiзуде бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағандығына, қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi iстер, адамның бiрнеше қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды күнi бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн.
Бiр iс жүргiзуде:

Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiледi.
Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Қаулыға түпнұсқада немесе көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың тiзбесi қоса берiлуi тиiс.

Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.
Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік іс жүргізу қазақ тiлінде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
Әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар, тараптар хаттамаға қол қойған күннен бастап үш күн ішінде онымен танысуға және айғақтардың, хабарламалардың, сұрақтар мен жауаптардың жіберілген бұрмалануын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысы болған мән-жайларды мазмұндаудың толымсыздығын көрсетіп, жазбаша ескертуін беруге құқылы.