XIX ғасыр тіл білімі
Жоспар
1 XIX ғасыр тіл білімі 3
1.1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи 4
1.1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімі 4
1.2 Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған 5
1.3 Расмус Кристиан Раск (1787-1832) 5
1.4 Якоб Гримм (1785-1863) 6
1.5 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшілітері 8
1.6 Тіл философиясы 9
1.7 Типологиялық зерттеу 11
Әдебиеттер 24
1 XIX ғасыр тіл білімі
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. Автор осы еңбегінде тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеуді алғаш ұсынады. Бұдан кейін 1559 жылы Нидерландия ғалымы Иозефус Скалигер "Еуропалықтар тілдері туралы пікір" деген еңбегінде бүкіл еуропалық тілдерді туыстықтарына карай 2 топқа бөледі. Тілдер туыстастығы философтар назарын да аударады. Вильгельм Лейбниц тіл ғылымдарын әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп екі топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы екі топқа бөледі. Скиф тобына фин, түркі, моңғол, славян тілдерін, кельт тобына еуропалық тілдерді жатқызады.
1.1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жәйт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ойпікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. ХҮШ ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
1.2 Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған
Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -"Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
1.3 Расмус Кристиан Раск (1787-1832)
Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.
1.4 Якоб Гримм (1785-1863)
Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын "Неміс тілі грамматикасы". Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.
1.5 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшілітері
Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл туралы ғылымды қалыптастырып, дамытуда зор роль атқарды, лингвистикалық жаңа дәуірдің басы болды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Біріншіден, ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім, жорамалдан туған ата тіл (праязык) дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады.
1.6 Тіл философиясы
Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
1.7 Типологиялық зерттеу
Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүниежүзіндегі тілдердің жалпы адамзаттық сипаттарын, типтес белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп те аталады.