Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының салық жүйесі..


Жоспары
Кіріспе 3
І тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі 5
1.1 Салық ұғымы және әлеуметтік-экономикалық мәні 5
1.2 Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі 9
1.3 Салық алуды ұйымдастыру 16
2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі 20
2.1 Салық жүйесінің қалыптасуы 20
2.2 Салық жүйесінің қазіргі жағдайы 21
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары 24
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отырғалы. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикасының заматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті. Бұл дұрыс та себебі, біздегі заң қабылдаған барлық қызметті шетел адамдары да пайдаланады. Мемлекет оларға тиімді жағдай жасайды, белгілі мөлшерде қаражат шығара отырып, орладың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғайды. Сондықтан шетелдіктер мемлекетті материалдық жағынан қолдап, заң белгіленген мөлшерде ақша қаражатын төлеуі тиіс. Салық төлемеген жағдайда олар жауапқа тартылады.

І тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі
1.1 Салық ұғымы және әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

1.2 Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

1.3 Салық алуды ұйымдастыру
Салық ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.

2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
2.1 Салық жүйесінің қалыптасуы
Жаңадан жасалған Салық кодексінің баяндалуы жеңілдеді, неғұрлым жатық түсіндірілетін болды. Мұның өзі салық ережесі үшін аса маңызды, өйткені оның жекелеген нормаларының түрліше түсіндірілуі көп ретте үлкен проблемаларға апарып соғып жатады.

2.2 Салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Кез келген мемлекеттің экономикасының жағдайы, ғылыми-техникалық әлеуеті оның негізгі құралдарға негізделген материалдық-техникалық базасының мықтылығына байланысты.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды кірсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.