Рум құқығындағы отбасы және неке туралы ұғым
Жоспар
1 Рум құқығындағы отбасы және неке туралы ұғым. 3
1.1 Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы. 3
1.2 Агнаттық және когнаттық туысқандықтар 4
1.3 Неке жағдайы 5
1.4 Әке билігі 7
Әдебиеттер 9
1 Рум құқығындағы отбасы және неке туралы ұғым.
1.1 Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.
Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.
1.2 Агнаттық және когнаттық туысқандықтар
Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Румда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рум фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген.
1.3 Неке жағдайы
Белгілі Рум заңгері Модестин некеге осындай құқықтық анықтама берген еді. Неке – күйеу мен зайыбының одағы, құдайдың және адамдардың құқығы бойынша өмірге берілген бірлігі. Осы анықтамасы орта ғасырларға да, біздің заманымызға да жеткен сонымен қатар кітаптарға, оқулықтарға енгізілген. Бірақ та ежелгі Румда некелік жағдайы ерлермен әйелдерге әрине бірдей болған жоқ.
1.4 Әке билігі
Әке билігі. Жоғарыда айтқанымыздай рум фамилиясында тек қана paterfamiliasтың құқықтары ең толық, ең күшті болатын, осы жағдайдан әке билігі деген заңдық ұғым шықты. Румдықтар өздері бұл жағдайды тек қана ерекше румның ұлттық заңдық ұғымы деп есептелінген. Әке билігі ұлдарға ғана емес, әйеліне де, қыздарына да, фамилияның басқа мүшелеріне де тараған. Бірақта ұлдардың құқықтық жағдайы кеңдеу болатын.