Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Ежелгі қаңлылар


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ 9
II – ТАРАУ. ҚАҢЛЫ РУЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 20
2.1. ҚАҢЛЫ МӘДЕНИЕТІ: ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖАЗУ ӨНЕРІ, ҚОЛӨНЕРІ, МУЗЫКА ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ 20
2.2 ҚАҢЛЫ ҚАУЫМЫНЫҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ, ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮРІ 28
2.2.1 БУДДА ДІНІН ТҰТУ 28
2.2.2 ТӘҢІРГЕ СИЫНУ 29
2.2.3 ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАУ 29
2.2.4 ХРИСТИАН ДІНІН УАҒЫЗДАУ 29
2.3 ҚАҢЛЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП,САЛТ ДӘСТҮРІ 32
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

КІРІСПЕ
Қаңлы - қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы тайпаларының бірегейі.Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, “Қаңлытану” проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. «Тарих-халықтардың» қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті»,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей /1/.

І-ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
«Қаңлы» атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер.
Түркітану саласында «қаңлы» этнонимнің, не этнопонимінің шығу тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.
«Қаңлы» деген кімдер,ру тайпа ма,ұлыс па,әлде жер-су атауы ма,ол қашан және қай жерде,қалай пайда болды? Бұл атаудың мағына-мәні не,ол қалай өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?Бұл жұмбақтың түйінін шешу көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай отыр.Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттарды сан-саналы болуы.Ал,бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр.Сондықтан біз бұл тарауда «қаңлы» атауының екі түрі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.

II – тарау. ҚАҢЛЫ РУЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Қаңлы мәдениеті: шаруашылығы, жазу өнері, қолөнері, музыка және би өнері
Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық және ландшафтық – географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дала кеңістектері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.

2.2 Қаңлы қауымының діни наным-сенімдері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі
Адамзат қауымындағы көп діндер мен наным-сенімдердің ішінде ең ұлағатты діндерге негізінен үш дін-ислам, бідда, христиан діндері жатады делінеді.Түркі тайпалары өздерінің басып өткен ұзақ тарихында талай діндерді басынан кешіргендігі белгілі.Олар кезінде Көк Тәңір мен шамандық нанымға сеніп соған бас иді.Пұтқа да табынды, христиан-несториан дәндеріне де мінажат етіп келді.Тіпті:кейде бір дінді қабылдап,екіншісін жалғастырып, синкретикалық (қос дінділікке) құбылысқа ұшыраған кезеңдері де болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қаңлы-Еуразияның сайын даласында Шығыстан Батысқа, Оңтүстіктен Солтүстікке кең тараған,ірілі-ұсақты түркі ру тайпаларының ішіндегі ең көне,сан жағынан мол,байырға да бірегей,өміршең де өрелі этникалық қауым.Осынау бір табиғи болмысына байланысты көне қаңлы тайпасы өзінен кейін пайда болған көптеген ру тайпалардың жеке дара халық болып қалыптасуына ұйытқы болған,солардың бірі-қазақ, өзбек, саха тағы басқа халықтардың этникалық ядросы, негізі, іргетасы, құрамдық бөлшегі ретінде танылып,тарихта әйгілі болған этнос.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре).Алматы,2004.
2. Кюнер Н.В.Китайские известия о народах Южной Сибири,Центральной Азии и Дальнего Востока.М.1961.
3. Зуев Ю.А.К вопрости о взаимоотношениях усуней и Канцзюй с гуннами и Китаем во Ііполовине І в.до.н.э.(поход гуннского шаньюя Чжи-Чжи на Запад)//ИАН КазССР,серия общественных наук,вып.2(5)-А-А,1957.
4. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии.-Новосибирск,1989.
5.Бичурин Н.Я.(Иакинф) Собрание сведение о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена.-Т.1-2.-М-Л.,1950-332с;1953.-332;
Он же,Собрание сведении по исторической географии Восточной и Средней Азии.-Чебоксары,1960-758с.