Жеке еңбек шартының мазмұны
Жоспар
1 Жеке еңбек шартының мазмұны 3
2 Жеке еңбек шартының түсінігі және белгілері 4
3 Жеке еңбек шартының белгілері 5
Әдебиеттер 8
1 Жеке еңбек шартының мазмұны
Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттері:
- жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты;
- жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
2 Жеке еңбек шартының түсінігі және белгілері
Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, біліктілік және кәсіп бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы және толық көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім.
3 Жеке еңбек шартының белгілері
Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пәнінің өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сәйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты, кәсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттенеді.