Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.


Жоспар
1 Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы 3
1.1 Мемлекеттің экономикалық қызметі 3
1.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету 7
1.3 Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы 11
Қолданған әдебиеттер 18

1 Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
1.1 Мемлекеттің экономикалық қызметі
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

1.2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызмсттер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін саларды қаржыландыруға мемлскет сондай-ақ тікслей қатыса алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді жөне шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бүл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.

1.3 Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан озара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымсн байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның Социум лат. socium ортақ, бірлескен- белгілі бір типтің адами ортақтығы, мыс., тайпа, ұлт. кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір белігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.