Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 2 стр.

Полный просмотр работы

Аспандияров Санжар Жафарұлы

Аспандияров (Асфендиаров) Санжар Жафарұлы (1889-1938) – мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, профессор, Алматы мемлекеттік медицина институтын ұйымдастырушы және тұңғыш ректоры.
Ташкенттегі реалдық училищені, Санкт-Петербордағы әскери медициналық академияны бітірді. 1914-1915 жылдары бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1917 жылы Бұхарадағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын («Қоқан автономиясын») жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты. 1918-1919 жылдары аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссияның Сырдария облыстық бөлімшесін басқарды.

Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғалым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы, кейіннен филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол орыс, ағылшын, француз, араб тілдерін жақсы меңгерген. Шет тілдерін білгендігі арқасында көптеген елдердін мәдениетін, әдебиетін және тарихын тереңінен зерттеп, қазақ елінің тарихын талдап, зерттеп, бірнеше ғылыми материалдар шығарды.

Ғалым – жалған жаламен ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі. Жұбайы Рабиға да КарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Аспандияров 1958 жылы мамырдың 26-ында ақталды. Қазақстанның мемлекеттік ғылыми-қоғамдық жұмыстарын жүргізгені және білім мен денсаулық сақтау салаларына сіңірген еңбегі үшін 1989 жылы қаңтардың 11-інде Қазақстан Министрлері Кеңесінің қаулысымен Алматы мемлекеттік медицина институтына ғалым есімі берілді. Алматы қаласында бір көше ғалым есімімен аталады.