Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі.
Қазіргі қазақ тілінде етістік грамматикалық тұлғаларға өте бай. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен қатар етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субьектімен және обьектімен әрқилы қатынасына байланысты ( шақтық, жақтық, райға қатысты) болу - болмауына байланысты т.б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады. Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер болып бөлінуімен, сондай - ақ етіс, шақ, рай категорияларынан,жіктелуінен көрінеді.
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика- грамматикалық категориялары, шақ, рай, жақ 1 жіктелуі түрлері грамматикалық деп те аталады.
Қазақ тіліндегі етістіктің құрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық қызметтерін-функцияларын осы тілдің тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек.
Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл дейміз. Сонымен бірге қазақ тілінде сөздердің тіркесуі арқылы да, яғни аналитикалық тәсілмен жаңа мағыналық қимылдық ұғым тудыратын сөздер жасалады.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістік-тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.