Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 54 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің рөлі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері 7
1.1 Маркетингтік қызметіндегі өнімді өткізудің ролі, орны және оған әсер ететін факторлары 7
1.2 Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі 16
1.3 Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі бағыттары 24
2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң өнімді өндіру және өткізу қызметін талдау 35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік - экономикалық қызметінің сипаттамасы 35
2.1.1 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген 44
2.1.2 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген 44
2.1.3 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген 48
2.2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң қаржы-экономикалық жағдайын талдау 50
2.2.1 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген 51
2.2.2 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген 53
2.3 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң өнімді өткізу қызметінің тиімділігін талдау 54

Кіріспе
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Бұл үшін осы жүйе қызметін талдау және өнімді өткізуді кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.
Қазіргі кезде өнімді өткізу кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар осы зерттеу тақырыбын таңдауды айқындайды және оның маңыздылығын сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетинг қызметіндегі өнімді өткізу саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, құрылыс өнімдерін шығаратын «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң маркетингтік қызметін талдау және өнімді өткізу саясатынын жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:
- Кәсіпорындардағы маркетингтік қызметінің және де соның ішінде өнімді өткізу саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау;
- Қазақстанның құрылыс өнімдері нарығын зерттеу;
- Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты үрдісін қарастыру;
- Өнімді өткізу саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеуді зерттеу;
- Тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;
- Өнімнің өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ тұруын қарастыру;
- Тұтынушылардың талғамына сай жаңа құрылыс өнімдерінің түрлерін шығару үшін тұтынушылардың қажеттілігін зерттеу;
- Құрылыс өнімдерін өндіретін «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң саясатына шолу және оны жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде «Полимер Металл-Т» ЖШС-де жүргізілген маркетингтік зерттеулер талданады. Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық, әдістемелік негізінде қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің маркетинг пен менеджмент саласындағы нақты өнімді өткізу саясаты бойынша еңбектері алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік құқықтық құжаттары қолданылды. Сонымен қатар, өнімнің технологиялық құрамын және талаптарға сай дайындалуын білу үшін «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-і жөнінде мәліметтер алынды.
Осы жұмысты орындау барысында, ғылыми талдау жүргізудің жүйелі бағыты, салыстырмалы талдау, хабар өңдеудің статистикалық әдістері, т.б. ғылыми тәсілдер қолданылды.

1 Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Маркетингтік қызметіндегі өнімді өткізудің ролі, орны және оған әсер ететін факторлары
Кез-келген кәсіпорын нарықпен тығыз байланыс орнатып, тұтынушыларға қажетті өнімдерін жеткізіп, сатып алушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, өз қызметін жүргізеді. Кәсіпорын нарықтан ақша және тағы басқа да ақпараттар ала отырып, біртұтас қызмет жүргізуші, тұйықталған жүйені қалыптастырады. Жауап ретінде кәсіпорын сондай-ақ ақпарат пен ақша жібереді. Сөйтіп, кез-келген кәсіпорынның қызметі маркетингтік ортаға тәуелді болады.
Кәсіпорынның маркетингтік ортасы – кәсіпорыннан тысқары жерлерде әрекет етуші, мақсатты клиенттермен ынтымақтастық қатынастар орнату және оны ұстап тұрудағы маркетинг қызметіне басшылық жасаудың мүмкіндіктеріне ықпал етуші белсенді субъектілер мен күштердің жиынтығы.
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мән бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы.

1.2 Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Өнімнің өткізілу қабілетін бағалау, бүгінгі күні, өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Себебі, шығарылған өнімдердің өткізу нарығында бәсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу - өндірушіге, сатып алатын өнімнің осы тектес өнімдерден құндылығын айқындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін бағалау – тұтынушыға қажет.
Бүгінгі таңда өнімнің өткізудің көптеген әдістемелері мен оларды жүргізу жолдары бар. Олардың бірқатары өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен салыстырып талдауға негізделсе, тағы бір тобы индекстік әдіспен бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін өнімнің сапалық және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен салыстыру саналады. Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың біршама қиындығына орай, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау базалық өніммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас өнімдердің ішінен өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім туғызатын және беделді өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі өнімнің көрсеткіштеріне салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкестілігі немесе сәйкессіздігі өнімді өткізу деңгейін анықтайды.

1.3 Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі бағыттары
Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты жоспар - бағдар жасау негізінде жүргізіледі. Оның жүзеге асырылуы бәрінен бұрын кәсіпорын жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-жігерін ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл саясаттың мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын, ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму үрдістерін (өндірістің даму қарқыны, өндірілетін өнімдер көлемінің, құрылымдық сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.т.б.) айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату, шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын - мемлекеттік және басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.
Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі міндеттері:

2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң өнімді өндіру және өткізу қызметін талдау
2.1 Кәсіпорынның өндірістік - экономикалық қызметінің сипаттамасы
«ПолимерМеталл-Т» ЖШС-гі өз қызметін ҚР-ның Конститутциясы, Азаматтық кодекс, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Серіктестіктің жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, меншікті мүлкі және басқа да реквизиттері бар. бар. Ол ҚР заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-гі Қазақстан Республикасының Юстиция Министрлігімен 2003 жылдың 24 маусымда №241 заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Серіктестік ұйымдық-құқықтық меншік түрінде – жеке болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары : Махамбетова Алтынай , Ронина Людмила , Лунев Сергей , Котоянц Ирина. Серіктестіктің орналасқан мекен-жайы: 483353 Қазақстан Республикасы, Алматы., Қапшағай қаласы, Индустриалдық көшесі, №1 үй. Ресми атауы: қазақ тілінде – «ПолимерМеталл- Т» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орыс тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью «ПолимерМеталл- Т». Кәсіпорынды құру мен қызметінің басты мақсаты тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестіктеріне орын бермейтін сапалы құрылыс материалдарын өндіру және өткізу арқылы табыс табу. Табыс табу негізінде кәсіпорын қызметіне қатысушылардың экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін орындайды:
- металлқұрылмалары мен жабын материалдарының өндіру және өткізу;
- тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы қызметтер;
- коммерциялық, сыртқы экономикалық қызмет;
- көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру;
- транспорттық қызметті ұсыну;
- жарнамалық қызмет;
- делдалдық қызмет;
- импорт-экспорттық қызмет;
- дүкендер, супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің жүйесін ұйымдастыру;
- азық-түлік, халық тұтыну тауарлары, өндірістік-техникалық өнімдерін өндіру, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату;
- автосервис, автожуу, ЖЖМ мен мұнай өнімдерін өткізу;
- құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
- құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;
- қоғамдық тамақтану жүйесін (ресторандар, жазғы алаңдар, барлар және т.б.) ұйымдастыру;
- серіктестіктің ойын және шоу бизнес саласындағы қызметпен шұғылдануға құқы жоқ;
- Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да әрекеттер.

4-сурет - « ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның ұйымдық құрылымын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты. Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады. Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты. Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.
Ұйымның құрылымы еңбектің бөлінуін білдіреді, ол техника-экономикалық көрсеткіштерге тікелей байланысты.
Серіктестікте әр бөлімнің (өндірістік, экономикалық бөлімшелері мен маркетинг, еңбек пен қаржы бөлімдері) арасындағы байланысты қарастырайық. Әр бөлімше ара-қатынастары:

2.1.1 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген
Еңбек ақының жоғары болуы және оның тұрақты өсуі тауар мен қызметтің сұранысының өсуіне әкеледі. Бұл жағдай өнеркәсіптердің өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына себеп болады. Өнеркәсіп саласы өскен елдерде еңбек ақы табыстың негізгі және қалың халықтың күн көріс көзі. Еңбек ақының ынталандыру қызметі басқа түсімдерге қарағанда жоғары және түгел ел мен экономиканы қамтиды. Жоғары деңгейдегі еңбек ақы кәсіпорын басшыларын жұмыс күшін дұрыс пайдалануға, өнеркәсіпті ұлғайтуға ынталандырады. Еңбек ақыны тағайындағанда одан жоғары көтеруге болмайтын белгілі бір мөлшері болады.
Төмендегі кестеде «ПолимерМеталл- Т» ЖШС-ң жұмыскерлерінің саны мен олардың еңбек ақы қоры 2006 жылдың мәліметтері бойынша көрсетілген.
5-кесте – Серіктестіктің жұмыскерлерінің саны мен еңбек ақы қоры.

2.1.2 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген
Осыған байланысты еңбек ақыға жұмсалған талдау негізіндегі қаражат үлкен мағынаға ие. Осының негізінде жалақыны жұмсау қорына жүйелік тексерістерді іске асыру жөн, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету мен өнімділікті өсіру арқасында қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін туғызу. Жалақыны төлеу қоры қолданыстағы ҚР статистика агенттігінің нұсқауына сәйкес жүргізіледі.
Еңбек ақы төлеу саясатында «атқарылған жұмысына қарай» жүйесі көп қолданылады. «атқарылған жұмысына қарай» бағалау жүйесі біркелкі білікті жұмыскерлерге еңбек ақыны төлеуде олардың әртүрлі еңбек көрсеткіштерін ескеру үшін қолданылады. Жұмыскерге баға беру факторы өндірістік (мөлшерді орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану) және жеке түрлері болады.
«Атқарылған жұмысына қарай»бағалаудың түрлері:

2.1.3 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген
6-кестеден мынадай қорытындыға келе аламыз: осы есептеулерден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс 545752 мың теңгеге немесе 254 % -ды құрады, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда табыс шамамен 2,5 есеге өсті. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.
Мұндай табыс өсуі өткізілген өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 236766 мың теңге немесе 246 %-ға өсті.
Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 147011 мың теңгені немесе 2,8 есеге өскенін көрсетеді. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен табысын өсу қарқынын төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырса, сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен ұжымның бірігіп жұмыс істеуінің жемісі болады.

2.2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң қаржы-экономикалық жағдайын талдау
Кәсіпорынның тиімді қызмет жасауы – қаржылық нәтижесі көрсеткіштерін сапалы талдап, келешекке жоспар жасауға тікелей байланысты. Кәсіпорынның қаржылық талдау сапасы қолданатын әдіс – тәсілдер мен талдау декреттерінің нақтылығына тәуелді. Қаржылық талдау – шаруашылық жүргізгіші субъектілердің қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық тұрақтылығын, ресурстарын тиімді пайдалануын, белсенділік коэффициентін анықтауға және басқа да мақсаттарда жүргізіледі. Қаржылық талдаудың негізгі мақсаттары болып:

2.2.1 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген
Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері сүйене, ағымдық талдау жасайды. «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нiң кезеңдік бухгалтерлік баланс көрсеткіштеріне талдау жүргізе нақты жағдайын көруге болады. Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті = Ақша қаражаттары

2.2.2 Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген
Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 8-кестегі талдаулардан, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нiң тәуелсіздік коэффициенті 2006 жылы 8 есеге өскенін байқаймыз. Тәуелсіздік көрсеткішіне кері тәуелділік коэффициенті 2006 жылы 0,08 төмендеген. Бұл негізінен баланс деректері бойынша қарыз капитал жағдайын көрсетеді.

2.3 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң өнімді өткізу қызметінің тиімділігін талдау
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Өткені онда қарама-қайшылығы көп әлеуметтік-экономикалық объектіні, яғни нарықты алдын-ала болжау элементі бар. Жандайлық талдаудың мазмұны мен формалары шаруашылық құрылымға, ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болады және маңызды түрде ерекшеленеді. Нарықтың ішкі және сыртқы жағдайларын, тауарды, тұтынушыларды, бәсекелестерді және басқаларын зерттегеннен кейін өндіруші кәсіпорынның және оның тауарының нарықтағы орнын жақсарта алады, нарықта нық тұра алады, сонымен бірге тұтынушылармен байланысты жақсартып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алады. Табысты ұлғайту, пайда алу, өткізу көлемін және сәйкесінше өндіріс көлемін ұлғайту. Нәтижесінде ол нарық жағдайында өмір сүруге және кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дайындауға мүмкіндік береді.

Өнім негізінен отандық өндіруші ЖШС «ПолимерМеталл-Т» және ресейлік өндіруші Самарлық «Электрощит» өнімі болып табылады. Сонымен бірге Қытайдан әкелінетін панельдің көлемі нарықта 45,2% ішкі өндірісті құрайды, ал таза импорт 2006ж 25,8% құраған. Отандық өндірушілер өздерінің өндірістерін 2005 жылдан бастап белсенді жүргізе бастаған. 2008 жылға арналған болжамдар мәліметтеріне сүйенсек, сэндвич панельдің нарықтық көлемі 25%-ға өседі. Отандық өндірушілер 2005ж - 2006жылдары сэндвич панельді өндірістің көлемі 91 кв.м. құрады, оны құнымен есептегенде (орта есеппен 1 панельдің кв.м. 50$ АҚШ тұрады) 4550000 млн $ АҚШ) болды.

Маркетинг жоспары – маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады. Келесі кестеде «сэндвич» типті панельдің маркетингтік жоспары көрсетілген.
7-кесте - Маркетингтік жоспар